Kapshagay.gov.kz

Меншік иесі туралы мәліметті ХҚКО алуға болады


<<Негiзгi

 

Қазіргі таңда 200 астам мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы алу мүмкіндігінің арқасында, клиенттер уәкілетті органдарда ұзын кезектерде тұру қажет емес. Егер ісіңіз жылжымайтын мүлік сатып алуға қатысты болса, онда сатып алушылар мен сатушыларда меншік иесі туралы мәліметті алатын өте жақсы мүмкіндіктері бар.

Бірнеше минут ішінде ХҚКО сізге техникалық паспортқа жылжымайтын мүлік иесі туралы мәліметі бар қосымша береді. Осындай анықтамалық деректерді алу үшін өзіңізде жеке куәлік болса жеткілікті.

Осындай анықтаманы тек мүлік иесі ғана ала алады, ал уақытша, банкрот болған және сауықтыру басқарушылары алу өтінішіне соттың шешімін бекітулері керек.

Сонымен қатар, электрондық үкімет порталы мүмкіндігінің арқасында меншік иесі туралы мәліметті үйде отырып алуға болады, тек интернет және электрондық цифралық қолтаңба болса болғаны.

/12:15 24 мамыр 2016 г./

 


Алматы облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Қапшағай қалалық бөлімі Қапшағай

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .