Kapshagay.gov.kz

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау»


<<Негiзгi

 

    Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады. 

   «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі.
Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз:

1) сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);

4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
5) мүгедектігі туралы анықтама;

6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;

7) сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
   Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

   ХҚКО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

   Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттікқызметтеркөрсетумәселелеріжөніндегіақпаратты -1414 нөміріненбілсеңізболады.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі

/11:00 02 ақпан 2016 г./

 


Алматы облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Қапшағай қалалық бөлімі Қапшағай

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .