Kapshagay.gov.kz

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жалғасуда

Главная


 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 1-ші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» аясында 2018 жылы Қапшағай қаласы бойынша 200 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдау жоспарланды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
«Қапшағай қаласының көпсалалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемесіне ағымдағы жылдың 01 наурыз айынан бастап 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға кәсіпорындар мен мекемелерден алынған сұраныстар бойынша жоспарланған нысаналы топтағы (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және аз қамтылған отбасынан) («электргазбендәнекерлеуші», «аспазшы», «электромонтер», «тракторшы», «тігінші») мамандықтары бойынша 100 адам жіберіліп , 01 маусымда оқуды аяқтады, тұрақты жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 01 маусымынан бастап қысқа мерзімді оқыту курстарына екінші кезеңге «аспазшы», «электромонтер», «шаштараз», «кондитер», «тракторшы», «автослесарь», «оператор ЭВМ» мамандықтары бойынша 100 адамның құжаттары қабылданып, оқуға жіберілді.

 

Қапшағай қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту
орталығы» ММ-нің бас маманы Жұмажанова М

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .