Kapshagay.gov.kz

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы 2017 жылдың қорытындысы

Главная


 

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың    2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы  шеңберінде Қапшағай қаласы бойынша 2017 жылға 1851 нысаналы топтағы адамдарды, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 423 адам, жұмыссыздар – 920 адам, жұмыс іздеушілер – 508 адам (аз қамтылған отбасылар – 24 адам) қамту  жоспарланған.
2018 жылдың 01 қаңтарына 2371 адам, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 680 адам (161%); жұмыссыздар – 1076 адам (117%); жұмыс іздеушілер – 615 адам (121%) (аз қамтылған отбасылар – 29 адам (121%))  бағдарламамен қамтылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламасы  үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда:
Бірінші бағыт «Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып оқыту» бойынша 2017 жылға  жоспарланған 300 адам еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға байланысты («электргазбендәнекерлеуші», «аспазшы», «электромонтер», «шаштараз», «кондитер», «тракторшы», «автослесарь», «оператор ЭВМ», «тігінші»)  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберіліп, оқуды аяқтағандардың ішінен 298–і (99,3%) тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра алмағандар, оқу орнына түспегендер, тұрмысы төмен отбасы мүшелерінің қатарындағы жастардан 9 сынып бітірушілеріне 2 жыл 10 ай, 11 сынып бітірушілеріне 10 ай  мерзіміне арналған тегін кәсіптік техникалық білім алуға «Қапшағай қаласының көпсалалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемесіне «токарьлық іс және металл өңдеу», «электргазбендәнекерлеуші» және  Талдықорған Гуманитарлық техникалық колледжіне «машинист автогрейдер» мамандықтары бойынша барлығы 72 адам жіберілді. Бағдарламаға  қатысушылар стипендиямен,  бір реттік ыстық тамақпен, жолақысымен қамтамасыз етілді.
Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»
2017 жылдың қорытындысы бойынша «Ауылшаруашылығын каржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 12 адам 40000,0  мың тенге көлемінде, «Аграрлық кредиттік корпорация»  АҚ-мы арқылы  4 адам  32092,5 мың теңге барлығы 16 адамға 72092,5 мың теңге көлемінде шағын несие берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек нарығын дамыту»
Әлеуметтік жұмыс орындарына 29 адам жіберіліп, 100% тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жастар практикасына 34 адам жіберіліп, оның ішінде 28 адам (82,3%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Қоғамдық жұмыстарға 458 адам (оның ішінде 219 адам ауыл тұрғындары) жіберіліп, 336 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.  
Қапшағай аймағындағы жұмыссыз азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. Жәрмеңке нәтижесінде 19 мүмкіндігі шектеулі азаматқа  жұмысқа орналасуға жолдама берілді.
Кешенді жоспарда 190 адамға белгіленген мемлекеттік бағдарламалар бойынша 222 адам (116,8%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес жұмыссыз адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыс іздеушілер  және табысы аз отбасыларды жұмыспен қамту бойынша  іс-шаралар жүргізілуде.

 

 «Қапшағай  қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту
орталығы» КММ-нің директоры                                              Р.Ахметова

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .