Kapshagay.gov.kz

Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

Главная


 

 

 

Елбасының тапсырмаларына орай ауыл жағдайын жақсартып, ауылшаруашылығын дамытуға  баса назар аударылып келеді. Осы ретте  қала мен ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на жолдама береді.
2017 жылдың  01 қазанға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бойынша 16 адамға  72093,5 мың теңге көлемінде шағын несие берілді. Оның ішінде 8 адам мал шаруашылығына (ірі қара мал және ұсақ қара мал өсіруге), 3 адам егін шаруашылығына (1- көпжылдық өсімдіктер егуге,1- қант қызылшасын егуге, 1- пияз егуге), 2- құс өсіруге (Бройлер тауықтары КОББ-500, пекинский тауықтары), 1- кафе кеңейтуге, 1- бала бақша ашуға, 1 – туристік қызметтерін көрсетуге берілді.  Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қапшағай қаласы,  Шеңгелді және Заречный ауылдық округінде  орталықтың мамандары шағын несие беру туралы халықпен кездесулер және жиындар өткізеді. Бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы халыққа хабарланады.

 

 

 

«Қапшағай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту орталығы»
КММ-сінің директоры                                                              Р.Ахметова

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .