Kapshagay.gov.kz

«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі»

Главная


 

 

«Қапшағай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі Қапшағай қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 11 тамызында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Қапшағай қаласының кәсіпорындары мен мекемелері бос жұмыс орындарын қала жұртшылығына ұсынды.Атап айтар болсақ «Мостоотряд 25» ЖШС, «Полимерметалл- Т», №5 орта мектебі, Ш.Үәлиханов атындағы №2 гимназиясы, № 4 орта мектебі, орта мектеп-гимназиясы және балабақшалар. Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы кеңес берді. Жәрмеңкеде Алматы облысының жастарға қызмет көрсету орталығының кеңесшілері жастарға арналған мемлекеттік  бағдарламалар «Дипломмен ауылға», «Серпін 2050», «Техникалық және кәсіптік білім беру» туралы кеңес берді. Жалпы жәрмеңкеге  қатысқан тұрғындар 80-ге жуық адам. Оның ішінде жұмыс іздеп келген тұрғындардың саны  12 адам, 4 адам таңдаған жұмыс орындарына құжаттарымен  келуге жолдама алды. 24 жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес берілді.«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына кеңінен түсініктеме беріліп, бағдарламаңың  бірінші бағыты «Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып оқыту»  бойынша  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға  5 адамға құжаттар жинауға тізім берілді.

 

 

«Қапшағай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту орталығы»
КММ-сінің директоры                                                              Р.Ахметова

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .