Kapshagay.gov.kz

Жұмыс тобымен кездесу

Главная


 

2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚР  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру енгізіледі.Медициналық қызмет әлеуметтік  медициналық сақтандыру қорына жұмыс беруші тарапынан жарна аударылған тұлғаларға ұсынылатын болады. Халықтың әлжуаз санатына жататын тұлғаларға әлеуметтік   медициналық сақтандыру қорына жарналар мемлекеттің тарапынан төленеді.  Қапшағай қаласында мәртебесі анықталмаған азаматтардың мәртебесін анықтау  және нақтылау үшін екі ауылдық округ әкімдері мен қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшыларынан  жұмыс тобы құрылған.  Қапшағай қала әкімшілігінде Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы З.А. Илимжанова мен орынбасары С.Д. Наурызбаеваның қатысуымен міндетті медициналық сақтандыру ақпараттық жүйесіне енгізу үшін азаматтардың статусын анықтау және нақтылау үшін құрылған жұмыс тобымен кездесу өтті.
Кездесу барысында бірқатар мәселелер мен сұрақтар  талқыланып мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерді  ақпараттық жүйедегі  актуализация жұмыстарын ары қарай жандандыру қарастырылды.
Сонымен қатар,  Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы З.А. Илимжанова мен орынбасары С.Д. Наурызбаева,  Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер  палатасы басшысының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Оңғарбаева А.Ш., «Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ахметова Р.Ж., бас мамандар Жұмажанова М.Қ., Қалыбекова А.Қ., «Қапшағай қаласы  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Амреева А.А. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға арналған «Кнауф Гипс Капшағай» зауытындағы  оқу орындарын аралап танысып шықты.


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .