Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік бағдарлама!


<<Негiзгi


Қапшағай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және «Өрлеу» бағдарламалары бойынша  Заречный, Шеңгелді  ауылдық округтерінде  халықпен  кездесу ұйымдастырып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында аталмыш орталық басшысы Раушан Ахметова  бағдарламаның мақсаты мен міндеті жайында түсініктеме беріп өтті.
Ал, бағдарламаның бірінші бағыты «Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып оқыту» бойынша ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік курсына 180 адамды жіберу жоспарланған. Қала кәсіпорындары мен мекемелері және шаруа қожалықтарының сұранысына сәйкес, газэлектрмен дәнекерлеуші, кондитер, оператор ЭВМ сынды жұмысшы мамандықтар негізінде оқуға өтінімдер қабылдануда. Сондай ақ, білім аламын деушілер сәуір айынан бастап, курсқа өтініштерін берулеріне мүмкіндіктері бар. 
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша ағымдағы жылға шағын несие беруге 100 млн. теңге  бөлінді. Шағын несие алуға ниет білдірушілердің құжаттары қабылдануда. Шағын несие алғаннан кейін кіріс органдарында тіркеліп, жаңа жұмыс орнын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мүмкіндігі туралы орталықтың бас маманы А.Қ.Қалыбекова толық мәлімет беріп өтті.   
Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек нарығын дамыту» бойынша           әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру туралы ақпарат берілді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адам, жастар практикасына 16 адам, тұрақты жұмыс орындарына 152 адам, қоғамдық жұмысқа 150 адам жіберілді.
Ағымдағы жылы «Өрлеу» жобасы  жұмысын бастады. Осы орайда халықты «Өрлеу» жобасының шарттары туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Өрлеу» жобасының мақсаты халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, кедейлік ауқымын қысқарту туралы әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі А.А.Амреева түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына аз қамтылған  отбасынан «Өрлеу» бағдарламасына 7 жанұя қатысты. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 18 адам қатысуға ниет білдірді.

 

 

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .