Kapshagay.gov.kz

2017 жылдың 01 қаңтар айына арналған Қапшағай қаласы және өңірі бойынша «Жұмыспен қамту –жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпарат


<<Негiзгi

 

2016 жылдың  «Жұмыспен қамту  жол картасы-2020» бағдарламасының
жүзеге асырылуына, жалпы республикалық бюджеттен 21872,3 мың теңге, жергілікті бюджеттен 49374,0 мың теңге бөлінді.
«Жұмыспен қамту  жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Қапшағай қаласы бойынша 2016 жылға 1645 нысаналы топтағы адамдарды қамту жоспарланған. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 825 адам, жұмыссыздар – 820 адам, оның ішінде аз қамтылған отбасылар – 15 адам.
2016 жылы нысаналы топтағы 1828 адам  жұмыспен қамтылып жоспар 111%-ға орындалды: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 909 адам 108,2%; жұмыссыздар – 919 адам 112%,  оның ішінде аз қамтылған отбасылар – 22 адам 146,7% бағдарламамен қамтылды.
«Жұмыспен қамту  жол картасы-2020» бағдарламасы  үш бағыт бойынша жүзеге асырылды:
Бірінші бағыт  «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»  бойынша Қапшағай қаласының Абай көшесімен Жамбыл көшесінің қиылысынан бастап Қойшыманов көшесіне дейін күрделі жөндеу жұмыстарына  2016 жылға жалпы республикалық бюджеттен  184598,0 мың теңге (республикалық бюджеттен – 166138,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен - 18460,0 мың теңге) бөлінді. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған жұмыссыз 31 адам жұмыспен қамтылды.
Заречный  ауылының Дзержинский көшесі бойында ауыз су құбырларын  жөндеу жұмыстарына жалпы бюджеттен 3490,0 мың теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 3141,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен  - 349,0 мың теңге), жоспар бойынша Аумақты Дамыту Бағдарламасы арқылы  1 адам жұмыспен қамтылды.
Шеңгелді ауылының  көшелері бойында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында  жалпы  бюджеттен  9450,0 мың теңге бөлінді.   Аумақты Дамыту Бағдарамасы бойынша 2 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылды.
Екінші бағыт «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру»  бойынша 36 адамға  132000,0 мың теңге көлемінде шағын несие беру жоспарланған.
Бірінші траншқа 3 млн. теңгеге дейінгі шағын несие беруге  – 42000,0 мың. теңге бөлініп, 16 адамға (оның ішінде 9 адам малшаруашылығына, 4 адам егін шаруашылығына, қызмет көрсету саласына 3 адам) беріліп 100 % игерілді.
Екінші траншқа 6 млн. теңгеге дейінгі шағын несиеге – 54000,0 мың.теңге бөлінді. 13 адамға (оның ішінде 11 адам  ірі қара мал  бордақылауға, 2 адам құс өсіруге) шағын несие  беріліп, 100 % орындалды  .
Үшінші траншқа 3 млн. теңгеге дейінгі шағын несие беруге  – 36000,0 мың. теңге бөлінді (игеру 2017 жылдың қаңтар айынан басталады).                  
2016 жылы нысаналы топтағы 29 адамға барлығы 96000,0 мың теңге көлемінде шағын несие беріліп, салық органында  100 % тіркелді. 18 жаңа жұмыс орындары құрылды.
2016 жылы бағдарламаның 2 бағыты бойынша Алматы облысының кәсіпкерлік Палатасы арқылы 13 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, сертификат алды.
Шағын несиенің мақсатты пайдаланылуы тексеріліп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на есеп берілді. Шеңгелді және Заречный  ауылдық округінде  шағын несие беру туралы халықпен кездесулер және жиындар өткізілді. Бұқаралық ақпараттар құралдары  арқылы халыққа хабарламалар жолданып тұрады.
Бағдарламаның үшінші  бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға  жәрдемдесу» бойынша  жалпы республикалық бюджеттен  23312,0 мың теңге,  жергілікті бюджеттен 49374,0 мың теңге бөлінді.
2016 жылға нысаналы топқа кіретін адамдарды қайта даярлау  және біліктілігін арттыру курстарын өткізу мақсатында 80 адамға республикалық бюджеттен – 11435,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде білікті қызметкерлердің біліктілігін арттыруға  және  қайта  даярлауға  жіберу үшін бөлінген 1430,0 мың теңге грант сомасы өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындарда жұмыстан босатылатын қызметкерлердің болмауына байланысты қазан айында облыс  маслихатының шешімі бойынша қайтарылады. Қалған  9985,6 мың теңге (99,8%)  игерілді. Үнемделген 19,4 мың теңге бюджетке қайтарылды.        
          «Қапшағай қаласының көпсалалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемесіне біліктілікті арттыру үшін, қайта даярлау курстарына  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және  аз қамтылған отбасынан 2016 жылы 80 адам жіберілді. Оның ішінде наурыз айынан  бастап үш айлық қайта даярлау курсына 50 адам (10 адам «электргазбен дәнекерлеуші», 20 адам «аспазшы», 10 адам «электромонтер»,  10 адам «шаштараз»), мамыр айынан бастап бір айлық біліктілігін арттыру курстарына 10 адам (5 адам «аспазшы», 5 адам «электргазбен дәнекерлеуші») және тамыз айынан бастап үш айлық қайта даярлау курсына 20 адам, соның ішінде 15 адам 18-24 жас аралығындағы жалдамалы жұмыскерлер газэлектрмендәңекерлеуші мамандығы бойынша және 5 адам 55-64 жас аралығындағы  жұмыссыздар автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь мамандығы бойынша оқуға жіберілді. 2016 жылы 80 адам курстарды оқып бітіріп, оның ішінде 1 адам бала күтіміне байланысты, 1 мүмкіндігі шектеулі адам денсаулығына байланысты жұмысқа орналастырылмады, қалған 78 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды (97,5%),
Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша жіберілетін 25 адамның жалақысын ішінара субсидиялауға республикалық бюджеттен – 5005,0 мың теңге бөлінді. 28 адам жіберіліп, 100%  игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарында 28 адам аспаз, жұмысшы, малшы, малшының көмекшісі мамандықтары бойынша  «ГКП Қапшағай Көркейту» ЖШС, «Қапшағай АТО» ЖШС, «Султанбаев А.» ЖК, «Рыскулова К» ЖК, «Есенбаев Ж» ЖК, «Ақ-С-Арай» ЖК, «Медеубаев Д.Р» ЖК, «Кустобаева С.» ЖК, «Мастер» ЖК, «Шек», «Көктем»  жеке кәсіпкерлерінде  жұмыс істеп, 26 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.  
Жастар практикасына жоспарланған 30 адамға республикалық бюджеттен– 6872,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 649,0 мың теңге бөлініп 100%  игерілді.           
Жастар практикасында 42 адам құқықтану, есеп және аудит, медбике, сәулетші, инженер, бағдарламашы, мұғалім, аудармашы мамандықтары бойынша ШЖҚ «Қапшағай Су құбыры» МКК, «Қапшағай АТО» ЖШС, «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі», «Қапшағай қаласының әкімінің аппараты», «Қапшағай қалалық ауруханасы» КМК-на, «Қапшағай қаласының құрлыс  бөлімі» мм-не, Қапшағай қаласының прокуратурасы, Алматы облысының әкімшілік соты, «Орта мектеп гимназиясы» МДШО «Қапшағай ГИПРОГОР» ЖШС-не, «Шеңгелді аулдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде. 31 адам  «Қапшағай қалалық ауруханасы» КМК-на, «Абат» ЖК-ге, АҚ «Халық банкі», «Қапшағай АТО» ЖШС, «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрлыс бөлімі» мм-не, Алматы қаласының Бостандық ауданының  сотына, «Қапшағай ГИПРОГОР» ЖШС-не, «Бәйтерек» колледжіне, «ҚапшағайТұрғынҮй» ЖШС-не, «Қапшағай қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне    тұрақты жұмысқа орналастырылды.
2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 430 адамға 48612,0 мың теңге, бөлініп 483 адам қамтылды және бос жұмыс жәрменкесін өткізуге 113 мың теңге бөлініп, 100%  игерілді.
Тұрақты жұмысқа 1153 адам, оның ішінде мемлекеттік бағдарлама бойынша – 363 адам (Агробизнес 2020 – 215 адам, сала қызметтерін дамыту – 55 адам, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы – 31 адам, Аумақты Дамыту – 3 адам, басқада бағдарламалар – 59 адам)  тұрақты жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыспен қамту орталығы» ауылдық округ әкімдерімен, «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе отырып «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру шараларын өткізу үшін, билбордтар, мәтіндер, стендтер жасап, халықпен кездесулер, дөңгелек стөлдер өткізіп тұрады.

 

 

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .