Kapshagay.gov.kz

Нысандарды пайдалануға қабылдаудың жаңа тәртібі туралы

Главная




Нысандарды пайдалануға қабылдау актісінің жалпы талаптарының өзгеруіне байланысты «Қапшағай қаласының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ-сі Қапшағай қаласының тұрғындарына келесіні хабарлайды:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен объектілерді пайдалануға қабылдау жүйесі реформаланды.
         Сонымен,«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 8-тармағында тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнде тiркелген, объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады деп белгіленген.  

          Қазіргі уақытта 01.01.2016 жылға дейін салынған нысандар бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 18.01.2016 жылғы__ № _42-05-06/12924_түсіндірме хатына сәйкес өз бетінше салынған құрылысқа меншік құқығы сот тәртібінде анықталады.

Жаңа құрылыс бастауға ниетті азаматтар, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 75 бабы талаптарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары» талаптарын   орындауға  міндетті.  

 «Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ-сі, регламенттері мен стандарттарына сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • Жылжымайтын мүлік нысандарына   мекен-жай анықтамаларын беру;
  •  Бастапқы материалдарды (сәулет жобалау тапсырмасы) беру;
  •  Эскизді (жобаны) келісу;
  • Елді мекен шегінде жер телімдерін беру;
  •  «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес, қолданыстағы ғимараттардың үй жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,қайта жабдықтауға) шешім беру.

Оның ішінде 3 қызмет Қапшағай қаласы ХҚКО және электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік қызметтің стандарттары қала әкімі сайтында орналастырылған. Сонымен қатар мүдделі азаматтар ақпарат алу үшін сәулет бөлімінің мамандарына жұмыс күндері 8/72772/42121 телефоны бойынша жүгіне алады.
Бөлім басшысы әр аптаның бейсенбі күні сағат 10-00 ден 12-00 ге дейін азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.

«Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ басшысы                                Ғ.Әбдіханов

 


  Сәулет және қала қүрылыс


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .