Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы

Главная




Қапшағай қаласы 1970 жылы Қапшағай Су Электр Станциясын салу кезінде құрылды, Алматы облысыныңоңтүстік-шығысбөлігінде,Қапшағайсу қоймасыныңбатысжағалауындаорналасқан. 2010 жылға дейін қала 1971 жылы 25 наурыздағы №161 Қазақ ССР Министірлер кабинетінің қаулысымен бекітілген 45 мың халық санына есептелген бас жоспарына сәйкес салынып келді. Бұл бас жоспар 2008 жылы толығымен іске асырылды, осыған орай қаланың жаңа бас жоспарын әзірлеу қажеттілігі туындады. 2010 жылы «Урбостиль»ЖШС жобалау ұйымымен 2025 жылға дейін 130 мың халық санына есептелген қаланың жаңа бас жоспары әзірленді. Қапшағай қаласының бас жоспары 2010 жылы 24 ақпандағы №134 Үкімет қаулысымен бекітілді.

2010 жылы 24 ақпандағы №134 Үкімет қаулысымен бекітілген Қапшағай қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында қаланың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет:

Есептік мерзімге (2025 жыл) қала ауданы 9684 га құрайтын болады.

            «2016-2020 жылдарға арналған Қапшағай шағын қаласының кешенді даму жоспарын іске асыру» бағдарламасына және Қапшағай қаласының әзірленген және бекітілген бас жоспарына сәйкес – 2016 жылға егжей-тегжейлі жоспарын түзету және әзірлеудің жобалау ауданы 1000 га құрайды.

            Қапшағай қаласының бүгінгі күнге қалақұрылыс құжаттамасы:

-          2010 жылы 24 ақпандағы №134 Үкімет қаулысымен бекітілгенҚапшағай қаласының бас жоспары.

-          «НұрҚұрылыс» ЖШС жобалау ұйымымен Қапшағай қаласының ауданы 1000 га егжей-тегжейлі жоспары.

               «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен 2016 жылы 15 ақпанда «Алматы облысы сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ-не бекітілген тапсырыс жоспарына сәйкес келесі 1000 га егжей-тегжейлі жоспарды әзірлеуге тапсырыс берілді.

               2016 жылы «Алматы облысы сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ-мен Қапшағай қаласының егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуге байқау жүргізілді. Байқау нәтижесінде «Алматы облысы сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ-сімен байқау жеңімпазы «Урбостиль» ЖШС арасында 2016 жылы 18 шілдеде келісім шартқа қол қойылды, жұмыстың аяқталу мерзімі 2016 жыл 20 желтоқсан. Қазіргі таңда «Урбостиль» ЖШС-мен Қапшағай қаласының егжей-тегжейлі жоспары әзірленуде.

 

 

  Сәулет және қала қүрылыс

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .