freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+   Google+

icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi
icon Әдеп жөніндегі уәкіл



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2017 Жария ету



icon Сайлау 2017
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



  Негiзгi  >Әкiмдік  > Қаулылар Бүгiнгi:

Әкiмдiктiң қаулылары, жарлықтары шешiмдерi


 


Жоба

 

Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы


                   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабының 1-тармағы 14) тармақшасына», «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министтрінің № 498 бұйрығына және  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, Қапшағай қала әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:
1.Ауыр және  зиянды, қауіпті жұмыстардағы бос жұмыс орындарын санамағанда елуден жүз адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүзден екі жүз елу адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз  елуден артық адам жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін бос жүмыс орындарының белгілеу;
2.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылы 22 қарашадағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2011 жылғы 01 желтоқсанда» № 2-2-16 болып енгізіліп) № 578 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттіқ мекемесінің басшысы (Іңкәрбекова А.С.) осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына  жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш  ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

  Аудан әкімі                                                        Т.Қайнарбеков

 

 

06/12/2016



Жоба

 

Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған
адамдар үшін, бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды
және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы


            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабының 1-тармағы 14) тармақшасына», Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына  сәйкес, Қапшағай қала әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:
1. Қапшағай қаласы бойынша пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар,  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және  ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Іңкәрбекова А.С.)  осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына   жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш  ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

  Аудан әкімі                                                        Т.Қайнарбеков

 

 

06/12/2016



Жоба

Қала әкімдігінің кейбір
қаулыларының күшін жою туралы


 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 37 бабының 8 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

Қала әкімдігінің қаулыларының күш жойылсын:

1. Қала әкімінің 2015 жылғы 15 қарашадағы 599 «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесінбелгілеу туралы», (Қапшағай қаласының әділет баскармасында 2015 жылғы 10 желтоксандағы 3599 нөмірімен нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).

2. Қала әкімінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы 648 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы», (Қапшағай қаласының әділет баскармасында 2011 жылғы 22 желтоксандағы 2-2-127 нөмірімен нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).

3. Қала әкімінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы 672 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы 648 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Қапшағай қаласының әділет баскармасында 2012 жылғы 28 желтоксандағы 2277 нөмірімен нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).

4. Қала әкімінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы 647 «Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы», (Қапшағай қаласының әділет баскармасында 2011 жылғы 22 желтоксандағы 2-2-126 нөмірімен нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).

5. Қала әкімінің 2015 жылғы 03 ақпандағы 45 «Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы», (Қапшағай қаласының әділет баскармасында 2015 жылғы 23 ақпандағы 3072 нөмірімен нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпандағы «Нұрлы Олке» газетінің 09 (314) санында жарияланған).

 

   қосымшасына № (20 kb .rar)>>

 

Қала әкімінің м.а .  І. Сүгіров

 

21/10/2016



Жоба

Мемлекеттік тұрғын үй
қорындағы тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерін белгілеу туралы


«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазакстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылык істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығыменбекітілген, мемлекеттіктұрғынүй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрғын үй – коммуналдық мәселелері бойынша қала әкімінің орынбасарынажүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (20 kb .rar)>>

 

Қала әкімінің м.а .  І. Сүгіров

 

21/10/2016



Жоба

Мемлекеттік тұрғын үй
қорындағы тұрғын
үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін
белгілеу туралы


«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазакстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылык істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген), мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрғын үй – коммуналдық мәселелері бойынша қала әкімінің орынбасарынажүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

   қосымшасына № (20 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

22/09/2016



Жоба

2016 жылғы 22 шелдедегі №409 Алматы облысының
әкімдігінің қаулысын іске асыру жөнінде
«Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының
дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі әс-шаралар жоспарын
(бірінші кезең 2016-2020 жылдар) бекіту туралы»


            Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2016-2020 жылдар) бекіту туралы Алматы облысы әкімінің  2016 жылғы 22 шілдедегі  №409  қаулысын іске асыру жөнінде Қапшағай қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1.Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 22 шелдедегі №409 Алматы облысының әкімдігінің қаулысын іске асыру жөнінде «Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бірінші кезең 2016-2020 жылдар) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

            2.Қала әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері:

            1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдансын;

            2) жылына бір рет, жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ға Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

            3. «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ есепті жылдан кейінгі қантарынан кешіктірмей Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына Жоспар іс-шараларының орындалуы барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

            4.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.А.Сергебаевқа жүктелсін.

 

   қосымшасына № (20 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

06/09/2016



Жоба

Қапшағай қаласы әкімінің
2014 жылдың 02 қыркүйегіндегі
№ 09-10 «Қапшағай қаласының
әкімдігі жанындағы мүлікті жария
етуді өткізу жөніндегі комиссиясын
құру туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабына сәйкес, қала әкімдігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.     Қапшағай қаласы әкімінің 2014 жылдың 02 қыркүйегіндегі №

09-10 «Қапшағай қаласының әкімдігі жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясын құру туралы» шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

1.1)         Комиссия мүшесінен шығарылсын:

-          Құлмұханбетова Гүлназ Әшірбайқызы;

1.2)         Комиссия мүшесіне енгізілсін:

-          Ғани Рыстайұлы Әбдіханов – «Қапшағай қаласының сәулет және

қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары.

 

   қосымшасына № (20 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

29/04/2016



Жоба

"Қапшағай қаласының
жер қатына стар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы


 

     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 38 бабының  4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің, Жарлығына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қапшағай қаласының жер қатынастар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Қапшағай қаласының жер қатынастар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Шолпан
Сагимбековна Кожабергеноваға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

   қосымшасына № (50 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

04/04/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының
кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.            «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.            «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы Батырбеков Дидар Талғатұлы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қалқабай Ахтанберді Нарматұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

   қосымшасына № (50 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

26/03/2016



Жоба

«Заречный ауылдық округі
әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8 тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы№ 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Заречный ауылдық ауылдық округінің әкімі Берік Фатықұлы Дүсенбаевқаосы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергебаев Ескендір Ақынұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

   қосымшасына № (57 kb .zip)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

26/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-ші бабына 8-ші тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.            «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.            «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Б. Досходжаев осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкімет айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3.            Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.

4.            Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

 

   қосымшасына № (57 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

26/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының
тұрғын үй -коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй
инспекциясы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.            «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.            «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. М.Қ.Абауовқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкімет айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3.            Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.

4.            Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (57 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

26/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының ауыл
шаруашылық бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту
туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қалқабай Ахтамберді Нарматұлына жүктелсін.

3. «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бекиев Қанат Ботайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында,сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (44 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

26/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының ішкі
саясат бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту
туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергебаев Ескендір Ақынұлына жүктелсін.

3. «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

   қосымшасына № (44 kb .zip)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

26/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.  «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сатыбалдиева Айгул Төлекқызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қалқабай Ахтанберді Нарматұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

   қосымшасына № (44 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

26/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының
сәулет және қалақұрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.            «Қапшағай қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.            «Қапшағай қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. Ғ.Р.Әбдіхановқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкімет айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3.            Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.

4.            Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

   қосымшасына № (70 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

26/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


 

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің, Жарлығына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қапшағай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлы жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

   қосымшасына № (44 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

25/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының дене
шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8 тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Носова Наталья Юрьевнаға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергебаев Ескендір Ақынұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (57 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

24/03/2016



Жоба

«Капшагай қаласының
қаржы бөлімі»
мемлекеттік
мекемесінің Ережесін
бекіту туралы


«Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Капшагай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Капшагай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. «Капшагай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кожахметов Ермек Жаманқараұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сүгүров Ілияс Сейтбекұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (45 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

24/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласы Шеңгелді
ауылдық округінің әкім аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Ерғазы Аққойшыұлы Қоилыбаевқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ахтанберді Нарматұлы Қалқабайға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (58 kb .zip)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

15/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»2012 жылы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынасәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.            «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.            «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.C.Ешімоваға осы қаулыны әділеторгандарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкімет айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3.            Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.

4.            Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (65 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

10/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін
бекіту туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Серғазықызы Іңкәрбековаға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары

Ескендір Ақынұлы Сергебаевқа жүктелсін.

Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (41 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

05/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласы жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қапшағайқаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі- Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сүгіров Ілияс Сейітбекұлына жүктелсін.

3. «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а.Алимжанов Ахан Тәжікұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интеренет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (45 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

01/03/2016



Жоба

«Қапшағай қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Шайкенова Бибигуль Кенжехановнаға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгенен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергибаев Ескендир Акыновичқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (20 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

01/03/2016



Жоба
«Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Уәлиев Бейбіт Мұсаханұлы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалқабай Ахтанберді Нарматұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (59 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

01/03/2016



ЖОБА
Қапшағай қаласы бойынша
қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы


 

          «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына,12-1 бабының 8) тармақшасына, 20-бабының    5-тармағының 2) тармақшасына  сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

               1. Қапшағай қаласында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.

          2. Қосымшаға сәйкес Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

         3. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы «Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 23 ақпанда № 3072 тіркелген, «Нұрлы  Өлке» газетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы           № 09 (314) жарияланған)  № 45 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

          4. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директорына  осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

          5. Осы қаулының орындалуын бақылау  қала әкімінің орынбасарына  (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.

           6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (52 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

01/03/2016



Қапшағай қаласында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қапшағай қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.

3. «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ғ. Әбдішүкірұлына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (59 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

18/02/2016



ЖОБА

Қапшағай қаласында
үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды
белгілеу және кандидаттарға
сайлаушылармен кездесуі
үшін үй-жайлар беру туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 – бабының 4 және 6 – тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.    Қапшағай қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2.    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.

3.    «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлы осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4.    Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.

5.    Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № (27 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

19/01/2016



Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 599 қаулысы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 желтоқсандағы 3599 нөмірімен тіркелді

Нысаналы топтарға жататын
адамдардың қосымша
тізбесін белгілеу туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

екі және одан көп ай жұмыс істемейтін тұлғалар;

бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;

жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

елу жастан асқан тұлғалар.

ауылды жерлерде тұратын әйелдер;

2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылы 19 желтоқсандағы «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 2556 болып енгізіліп, «Нұрлы Өлке» газетінің 2014 жылғы 23 қаңтарда №05(258) санында жарияланған) № 689 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (Инкарбекова А.С.) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

22/12/2015



Жоба
Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ғ. Әбдішүкірұлына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   қосымшасына № 1 (87 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

10/11/2015



Жоба
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы


 

Қазақсан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Ресрубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

екі және одан көп ай жұмыс істемейтін адамдар;

бұрын жұмыс істемеген адамдар;

жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

елу жастан асқан тұлғалар.

ауылды жерлерде тұратын әйелдерге;

2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылы 19 желтоқсандағы «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 2556 болып енгізіліп, «Нұрлы Өлке» газетінің 2014 жылғы 23 қаңтарда №05(258) санында жарияланған) № 689 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

27/10/2015



Жоба
«Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы


 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Уәлиев Бейбіт Мұсаханұлы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалқабай Ахтанберді Нарматұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   қосымшасына № 1 (59 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

19/09/2015



Жоба
Қапшағай қаласының шалғайдағы елдi мекенде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың тәртібі мен сызбасын бекiту туралы


 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 14 бабы 3 тармағының 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қапшағай қаласының шалғайдағы елдi мекенде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың тәртібі мен сызбасын қаулының №1,2 қосымшаларына сәйкес бекiтілсін.

2. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.С. Ешімоваға осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   қосымшасына № 1,2 (81 kb .rar)>>

 

Қапшағай қаласының әкімі С. Кикимов

 

27/07/2015


Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 03-06 шешімі 2015 жылғы 14 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3133 нөмірмен енгізілген.

Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 01-02 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 30 қаңтарында № 3012 тіркелген, «Нұрлы олке» газетінде 2015 жылдың 2 ақпанында №06 (311) жарияланған) № 01-02 шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшасының 17-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:

«Орталығы: Қапшағай қаласы, 5-шағын аудан, Мостостроителей көшесі, № 1, Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы»;

аталған шешімнің қосымшасының 19-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:

«Орталығы: Заречное ауылы, Центральный көшесі, № 22, дәрігерлік амбулатория»;

аталған шешімнің қосымшасының 23-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:

«Орталығы: Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, № 10, Қадырғали Жалайыр атындағы № 6 орта мектебі»;

аталған шешімнің қосымшасының 22-тармағының екінші абзацындағы «Райымбек көшесі № 1-ден 53-ке дейін, Ескелді би көшесі № 1-ден 55-ке дейін, Уәлиханов көшесі № 1-ден 7-ге дейін, «Қайнар» шағын ауданы» сөздері алынып тасталсын;

аталған шешімнің қосымшасының 9-тармағының екінші абзацындағы «Строитель» бағбандық серіктестігі» сөздері алынып тасталсын;

аталған шешімнің қосымшасының 7-тармағының екінші абзацы «18-шағын аудан: Жастар көшесі № 18, Ахмешев көшесі № 10, № 12, № 10/1, Құрманғазы көшесі № 25, Көгедай көшесі № 14, Октябрьская көшесі № 25/2» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 8-тармағының екінші абзацы «19-шағын аудан: № 1г, Веселая көшесі № 13, Комсомольская көшесі № 7г, Вивальди көшесі № 17, № 14» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 10-тармағының екінші абзацы «20-шағын аудан: Әйтеке би көшесі № 1, № 11, Алмагүл көшесі № 18, № 56, № 10, Веселая көшесі № 8, № 15, Ботагөз көшесі № 12, № 14; Сейфуллин көшесі № 2а, № 2б, № 9/1, № 2д» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 11-тармағының екінші абзацы «Рауан» шағын ауданы: 9-линия № 1, 2-линия № 17, 3-линия № 23, 4-линия № 1б; «Спутник» шағын ауданы: № 52, «Строитель» бағбандық серіктестігі» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 14-тармағының екінші абзацы «3-шағын ауданы: № 28д» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 17-тармағының екінші абзацы «Гүлдер» шағын ауданы: № 17, № 41, № 24, № 34/1, № 49, № 66, № 48, № 61, Шенгельдинская көшесі № 1, № 3, № 8, Капшагайская көшесі № 3/1; 8-шағын аудан: Центральная көшесі № 4, № 40, № 10, 3 сектор № 12, № 34, Алатау көшесі № 6; 10-шағын аудан: Алатау көшесі № 17, Центральная көшесі № 1б, № 2, № 27, № 56, № 52, № 37, № 40, № 14, 1 сектор № 1, № 30, № 33, № 16, 3 сектор № 5, № 9, № 10/1, Малайсары көшесі № 26в, № 34, 2 сектор № 16, Жібек Жолы көшесі № 44/1, № 46, № 22, № 30; «Восточный» шағын ауданы: № 23, № 35/1, № 11а, № 20, № 27б, № 3б; 12а-шағын ауданы: № 11, № 9; «Арна» шағын ауданы: № 60, № 141; Қонаев көшесі № 29, № 31, № 31а, № 18б, № 18б/1» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 18-тармағының екінші абзацы «5-шағын ауданы: № 48а; «Қарлығаш» шағын ауданы: № 34/1, 3 сектор № 29, № 28, № 40, 1 сектор № 19, № 11а» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 19-тармағының екінші абзацы «Набережный көшесі № 30, № 60, № 38, Момышұлы көшесі № 11, Дзержинского көшесі № 70, Наурызбай батыр көшесі № 5, Тәуелсіздік көшесі № 15, Центральная көшесі № 11» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 22-тармағының екінші абзацы «Бейбітшілік көшесі № 14, № 9, № 7, Айымбетов көшесі № 44/2, № 42, № 41, Тәуелсіздік көшесі № 13» сөздерімен толықтырылысын;

аталған шешімнің қосымшасының 23-тармағының екінші абзацы «Райымбек көшесі № 1-ден 53-ке дейін, Ескелді би көшесі № 1-ден 55-ке дейін, Уәлиханов көшесі № 1-ден 7-ге дейін, Жиенқұлов көшесі, «Қайнар» шағын ауданы» сөздерімен толықтырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 9-тармағының бірінші абзацындағы «№ 20 кәсіби лицейі» сөздері «Қапшағай көпсалалық колледжі» сөздерімен ауыстырылсын;

аталған шешімнің қосымшасының 11-тармағының екінші абзацындағы «Алтын Алма» сөздері «Қапшағай Алтын Алма» сөздерімен, «Связист» сөзі «Связист-1» сөзімен ауыстырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушысына жүктелсін.

3. Қапшағай қаласы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушысына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі С. Кикимов

 

15/04/2015



Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы


 


   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

   1. Қапшағай қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
   2. « Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі » мемлекеттік мекемесінің басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   қосымшасына (39 kb .rar)>>

 

Қала әкімі С. Кикимов

 

30/03/2015



«Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 06 қаңтардағы № 01-02 қала әкімінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес, жергілікті жағдайларды ескеру ретімен және сайлаушыларға барынша көп жағдай жасау мақсатында, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 06 қаңтардағы № 01-02 қала әкімінің шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қапшағай қаласы, 5 шағын аудан, Сидранского көшесі, № 1 мекен жайындағы «Қазпочта» АҚ ғимаратында орналасқан № 840 сайлау учаскесінің орталығы Қапшағай қаласы, 5 шағынаудан, Мостостроителей көшесі, № 1 мекен жайда орналасқан Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының ғимаратына көшірілсін.

2. Заречное ауылы, Дзержинский көшесі, № 10 мекен жайындағы ауылдық клуб ғимаратында орналасқан № 842 сайлау учаскесінің орталығы Заречное ауылы, Центральный көшесі, № 22 мекен жайда орналасқан Заречное ауылының дәрігерлік амбулатория ғимаратына көшірілсін.

3. Шеңгелді ауылы, № 86621 әскери бөлімшесінің кітапхана ғимаратында орналасқан № 846 сайлау учаскесінің орталығы Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, № 10 мекен жайда орналасқан Қадырғали Жалайыр атындағы № 6 орта мектебінің ғимаратына көшірілсін.

4. № 830 сайлау учаскесінің шекарасына: 18-шағын ауданына: Жастар көшесі № 18, Ахмешев көшесі № 10, № 12, № 10/1, Құрманғазы көшесі № 25, Көгедай көшесі № 14; № 831 сайлау учаскесінің шекарасына: 19-шағын-аудан, № 1г үй, Веселая көшесі № 13, Комсомольская көшесі № 7г, Вивальди көшесі № 17, № 14, Октябрьская көшесі, № 25/2; № 833 сайлау учаскесінің шекарасына: 20-шағын аудан: Әйтеке би көшесі № 1,№11, Алмагүл көшесі № 18, № 56, № 10, № 41, Веселая көшесі № 8, №15, № 2, Ботагөз көшесі № 12, № 14, Сейфуллин көшесі № 2а, № 2б, № 9/1; № 834 сайлау учаскесінің шекарасына: «Рауан» шағын ауданы: 9-линия № 1, 2-линия № 17, 3-линия № 23, 4-линия № 1б, «Спутник» шағын аудан № 52; № 837 сайлау учаскесінің шекарасына: 3 шағын ауданы: 28д; № 840 сайлау учаскесінің шекарасына: «Гүлдер» шағын ауданы: № 17, №41, №24, № 34/1, № 49,№ 66, № 48, № 61, Шенгельдинская көшесі № 3, № 8, № 1, Капшагайская көшесі № 3/1, 8- шағын аудан: Центральный көшесі, № 4, № 40, № 10, 3 сектор № 34, Алатау көшесі № 6, 3 сектор № 12, 10- шағын аудан: Алатау көшесі № 17, Центральный көшесі, № 1б, № 2, № 27, № 56, № 52, №37, № 40, № 14, 1 сектор № 1, №30, № 33, № 16, 3 сектор № 5, № 9, №10/1, Малайсары көшесі № 18а, №26в, №34, 2 сектор № 16, Жібек Жолы№ 44/1, № 46, №22,№30, «Восточный шағын ауданы: № 23, №35/1, №11а, №20, №27б, №3б, 12а-шағын аудан: № 11,№9, «Арна» шағын аудан: № 60, №141; № 841 сайлау учаскесінің шекарасына: 5-шағын аудан: №48а үй, «қарлығаш» шағын ауданы: № 34/1, 3 сектор № 29, №28, № 40, 1 сектор №19, №11а; № 842 сайлау учаскесінің шекарасына: Набережный көшесі №30, №60, №38, Момышұлы көшесі № 11, Дзержинского көшесі № 70, Наурызбай батыр көшесі № 5, Тәуелсіздік көшесі № 15, Центральный көшесі № 11, Абай көшесі № 3г; № 845 сайлау учаскесінің шекарасына: Бейбітшілік көшесі № 14, №9, №7, Айымбетов көшесі № 44/2,№42, № 41, Қабан-Қаблис көшесі № 16/2, Сәтпаев көшесі № 22, Тәуелсіздік көшесі № 13; № 846 сайлау учаскесінің шекарасына: Жиенқұлов көшесі енгізілсін.

5. № 845 сайлау учаскесінің шекарасындағы: Райымбек, Ескелді би, Уәлиханов көшелері және «Қайнар» шағын ауданы № 846 сайлау учаскесінің шекарасына көшірілсін.

6. № 834 сайлау учаскесінің шекарасындағы: «Алтын Алма» бағбандық серіктестігі «Қапшағай Алтын Алма» бағбандық серіктестігі болып, «Связист» бағбандық серіктестігі «Связист-1» болып оқылсын.

7. № 832 сайлау учаскесінің орталығы бойынша: № 20 кәсіби лицейі «Қапшағай көпсалалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып оқылсын.

8. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы Н.Ә.Арқарбаеваға жүктелсін.

9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі С. Кикимов

 

09/03/2015



Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 – бабының 6 – тармағын басшылыққа ала отырып, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.    Қапшағай қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2.    Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің әкімдері қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірігіп белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен қамтамасыз етсін.

3.    Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4.    Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   қосымшасына (20 kb .rar)>>

 

Қала әкімі С. Кикимов

 

02/03/2015



Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 45 қаулысы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 23 ақпандағы 3072 нөмірімен тіркелді Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы


 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қапшағай қаласында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.

2. Қосымшаға сәйкес Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы «Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 04 наурызда № 2308 тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2013 жылғы 05 наурыздағы № 09 (210) жарияланған) № 106 қаулысының және 2014 жылғы 07 сәуірдегі «Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 106 «Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 24 сәуірде № 2683 тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2014 жылғы 07 мамырдағы № 18 (271) жарияланған) № 195 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (Іңкәрбекова А.С.) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   қосымшасына (90 kb .rar)>>

 

Қала әкімі С. Кикимов

 

26/02/2015



Жоба Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы


 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына,

20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысына сәйкес, Қапшағай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қапшағай қаласында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.

2. Қосымшаға сәйкес Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы «Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 04 наурыздағы №2308 тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2013 жылғы 05 наурыздағы №09(210) санында жарияланған) №106 қаулысына және 2014 жылғы 07 сәуірдегі «Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы №106 «Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 24 сәуірдегі №2683 тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2014 жылғы 07 мамырдағы №18(271) санында жарияланған) №195 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   қосымшасына (90 kb .rar)>>

 

Қала әкімі С. Кикимов

 

26/01/2015





Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   қосымшасына (101 kb .rar)>>

 

Қала әкімі С. Кикимов

 

06/01/2015






Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы шешімнің ЖОБАСЫ


 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   қосымшасына (101 kb .rar)>>

 

Қала әкімі С. Кикимов

 

26/12/2014





Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

 


Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы №384 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 23 маусымда № 2758 болып тіркелді.

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сүгіров Ілияс Сейтбекұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі Н. Таубаев

 

Қосымша >>

 

/10:54 15  Шілде 2014 г./   



Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылдын 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 – бабының 1 – тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдын 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33 – бабының 2 – тармағына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына >> сәйкес құрылсын.

  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ахтанберді Нарматұлы Қалқабайға жүктелсін.

  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қала әкімі Н. Таубаев




Қала әкімдігінің маңында қала

құрылысы кеңесін құру туралы

 


 

Қапшағай қаласын және ауыл аймағын тиімді дамыту және салу мақсатында, Қала әкімінің аумақтық бағынышындағы тұрғын үй, іскерлік, өндірістік, үзілістік және өзге де объектілерді орналастыруымен қала құрылыстық жоспарлауды реттеу, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қала әкімдігінің маңында құрамы №1 қосымшаға сәйкес қала құрылысы кеңесін құрылсын.

2. Қала әкімдігінің маңындағы қала құрылысы кеңесінің құрамын қалалық маслихатқа бекітуге енгізілсін.

3. Қала әкімдігінің маңындағы қала құрылысы кеңесінің ережесін №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы №474 қаулысының күші жойылған деп есептелсін.

5. Осы қаулының орындалуы қала әкімінің орынбасары І.Сүгіровке жүктелсін.

 

Қала әкімі Н.Таубаев

 

Қосымша >>

 

/10:54 04  Шілде 2014 г./



 

«Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 106 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, Қапшағай қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 106 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 04 наурыздағы 2308 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 05 наурызда «Нұрлы Өлке» газетінде жарияланған) қосымшаға сәйкес келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

Қапшағай қаласы бойынша бекітілген қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

 

күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымшасына >>

 

Қала әкімі Н.Таубаев

 


КЕЛІСІЛДІ:

«Қапшағай қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы А.Іңкәрбекова


 

«Қапшағай қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Сатыбалдиева

    

21/02/2014



 

19 желтоқсандағы № 689 қаулысы.
Қапшағай қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 13 қаңтардағы 2556 нөмірімен тіркелді

 

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша

тізбесін белгілеу туралы


 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;

бұрын жұмыс істемеген адамдар;

жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;

техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;

елу жастан үлкен тұлғалар.

2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылы 12 наурыздағы «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 03 сәуірдегі № 2-2-135 болып енгізіліп, «Бизнес Дайджест Капшагая» газетінің 2012 жылдың 12 сәуірдегі № 13(186) санында жарияланған) № 120 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев


/16:54 15  Қаңтар 2014 г./   

 



Жоба

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша

тізбесін белгілеу туралы

 


 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының 14) тармақшасына, 37-бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;

бұрын жұмыс істемеген адамдар;

жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;

техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;

елу жастан үлкен тұлғалар.

2. Қала әкімдігінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» № 120 қаулысының күші жойылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев


/10:45 22  Қараша 2013 г./   

 



 

Жоба

«Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде

тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы № 648 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына, 15 ақпан 2012 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және 15 маусым 2012 жылғы №2-0404-12-04829 Алматы облыстық прокуратурасының хатына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 648

қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы № 648 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 2-2-127 тіркелген, 2012 жылғы 02 қаңтардағы № 01-02 (175) «Нұрлы Өлке» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

1. Қапшағай қаласындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының бес процент мөлшерінде қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қала әкімі Н.Таубаев


/14:10 20 Маусым 2013 г./



 


Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 106 қаулысы Қапшағай қаласы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 04 наурыздағы 2308 нөмірімен тіркелді




Қапшағай қаласы бойынша

қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы



Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, Қапшағай қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қапшағай қаласында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.

2.Қосымшаға сәйкес Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы «2012 жылы Қапшағай қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 28 ақпандағы №2-2-134 болып енгізіліп, Нұрлы Өлке» газетінің 2012 жылдың 08 наурыздағы №13(182) санында жарияланған) №42 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша >>

 

Қала әкімі Н.Таубаев

/14:11 05 Наурыз 2013 г./   



 

Жоба

 

 

Қапшағай қаласы бойынша

қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы

 


 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы 1- тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7- бабының 5) тармақшасына және 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып, жұмыссыздар үшін уақытша жұмыс орнын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

2.Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы «2012 жылы Қапшағай қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № 42, (Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 28 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-2-134 нөмірімен енгізілген, қалалық «Нұрлы Өлке» газетінің 2012 жылдың 8 наурыздағы № 13(182) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша >>

 

Қала әкімі Н.Таубаев

/11:19 27 Қаңтар 2013 г./



 

Жоба

«Бас бостандығынан айыру

орындарынан босатылған

адамдар үшін жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің

2011 жылғы 09 желтоқсандағы

№ 648 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы № 648 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 22 желтоқсанда № 2-2-127 тіркелген, 2012 жылы 02 қаңтарда «Нұрлы Өлке» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы».

Көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1. Қапшағай қаласындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев

 

/12:32 28 Қараша 2012 г./   



Жоба

 

2013 жылы Қапшағай қаласы бойынша

қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы

 


 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы 1- тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7- бабының 5) тармақшасына және 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып, жұмыссыздар үшін уақытша жұмыс орнын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

2.Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы «2012 жылы Қапшағай қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № 42, (Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 28 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-2-134 нөмірімен енгізілген, қалалық «Нұрлы Өлке» газетінің 2012 жылдың 8 наурыздағы № 13(182) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша >>

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев

/11:12 23 Қараша 2012 г./   



Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 1 қаулысы

«Қапшағай қаласында жұмыссыздықтан

әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша

шаралар белгілеу туралы»

 

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-100 болып енгізілді.

 


 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына және 2 тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Мемлекет Басшысының 2009 жылға 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, сонымен бірге жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қосымшаға сәйкес «Жастар практикасын» ұйымдастыру және өткізуге байланысты Қапшағай қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары І.Сүгіровке жүктелсін.

3.Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша №1>>

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев



Алматы облысы Қапшағай қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 103 қаулысы

 

«2011 жылы Қапшағай қаласы

бойынша ақылы қоғамдық

жұмыстарын ұйымдастыру туралы»

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2011 жылғы 22 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-117 болып енгізілді.

 


 

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру туралы» №836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі негізінде Қапшағай қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Ақылы қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып,

жұмыссыз азаматтар үшін уақытша жұмыс орнын құру жолымен ұйымдастырылсын.

2.Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен

нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 2 «2010 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы», (Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылдың 22 қаңтарында 2-2-101 нөмірімен нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2010 жылдың 05 ақпанында «Нұрлы Өлке» газетінің №5-6(69) санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Асылханұлы Асантаевқа жүктелсін.

5.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша №103>>

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев



Алматы облысы Қапшағай қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуір № 427 қаулысы

 

«Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек

балаларға қосымша әлеуметтік көмек

туралы» қала әкімдігінің

2009 жылғы 29 мамырдағы № 469

қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

 

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 01 маусымдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-106 болып енгізілді.

 


Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, 6 тармақтың 29 бабына, «Қапшағай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 173-33 шешіміне сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 5 қаңтарда 2-2-97 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы 1 санында жарияланған), қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №469 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 маусымда 2-2-86 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы 23 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1)1 тармақтағы 5 саны 8 санына ауыстырылсын.

2)2 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

«2.Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев



Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдеғі № 151 қаулысы

 

2011 жылдың сәуір-маусымында және

қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді

әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру

және өткізуді қамтамасыз ету туралы

 

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2011 жылғы 15 сәуірдеғі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-119 болып енгізілді.

 


 

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына, 23 бабына және 44 бабына сәйкес, сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысын орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қапшағай қаласы, Гоголя көшесі, № 6 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Қапшағай қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейіңгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2. Қалалық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

3. Азаматтарды шақыруды өткізуінің кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Ауылдық округтерінің әкімдері 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

5. "Қапшағай қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры Әспет Жәлкенқызы Ербосыноваға (келісім бойынша):

1)қалалық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандарымен және орта буын медициналық қызметшілерімен жасақтасын;

2)әдістемелік-нұсқау талаптарына сәйкес шақырылушылардың дер кезінде дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін;

3)әскерге шақырылушылардың амбулаториялық, стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп, ауруханада кем дегенде 5 төсектің бөлінуін ескерсін;

4)әскери-дәрігерлік комиссиясын керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.

6. Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Данияр Қамалбекұлы Қазербаевқа (келісім бойынша):

1)қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған шақырылушылардың тізімін Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгілінген мерзімде тапсырсын;

2)қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жиын орыны мен шақырылушыларды жіберу пунктерін күшейтілген кезекшілермен қамтамасыз етсін;

3)мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүргендерді оперативті түрде іздестіруді және ұстауды ұйымдастырсын.

7.«Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Нұрғазы Аманұлы Түсіпбековке (келісім бойынша) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты қала әкімдігіне 2011 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде тапсырсын.

8.Қапшағай қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 6 мамырдағы № 2-2-105 тіркелген Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі «1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы" № 373 қаулысының күші жойылған деп танылсын (2010 жылдың 7 мамырда «Нұрлы өлке» газетінің 20(83) санында жарияланған).

9.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Асылханұлы Асантаевқа жүктелсін.

10.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

Қосымша №151>>

 

Қала әкімі Н.Таубаев



Жекешелендіруге жататын

коммуналдық нысандардың

тізбесін бекіту туралы


 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 96-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.       Жекешелендіруге жататын коммуналдық нысандардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2.       «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» ММ осы қаулыны орындауына шара қолдансын.

3.       Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары І. Сүгіровке жүктелсін.

4.       Осы қаулы әділет органдарын мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н. Таубаев



Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2010 жылғы 24 желтоқсан № 12-15 шешімі

«1994 жылы туылған азаматтарды

әскерге шақыру учаскелерінде

тіркеуге алуды ұйымдастыру және

қамтамасыз ету туралы»

 

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-115 болып енгізілді.


 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Қапшағай қаласы, Гоголя көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесіне «Алматы облысы Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2. Заречный және Шеңгелді ауылдық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгіленген мерзімде «Алматы облысы Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейіңгілердің тізімін берсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ілияс Сейтбекұлы Сүгіровке жүктелсін.

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі Н. Таубаев






ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros

opros


obyav

   Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады? «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар>>>

/ 20.11.2017/

obyav

   Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға осы айда келіп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.>>>

/ 20.10.2017/

obyav

      Кәсіпкерлер назарына! «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ-мен ағымдағы жылдың 13-15 қарашасында Татарстан Республикасы Қазан қаласында сауда миссиясын өткізу жоспарланған.
       Осыған байланысты аталған шараға қызығушылық танытқан жағдайда толық ақпаратты «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ мамандарынан 8/7172/620-538 телефон арқылы алуға болады.

/ 16.10.2017/

obyav

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша жұмыс орындарын құрушыларға 2018 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына өтінімдерді қабылдайтынын хабарлайды. Өтінімдер 2017 жылдың 01 қарашасына дейін, белгіленген қосымшаның формасы бойынша қабылданады. Біздің мекен-жайымыз: Қапшағай қаласы, 1 ы/аудан, 41 үй, БО «Байтерек», 2 – 3 офистері. Тел: 8(72772) 40781; эл.адрес: kcenter_zan@mail.ru

«Қапшағай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Р.Ахметова

/ 05.10.2017/

obyav

2017 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 17-00-де әкімдіктің кіші залында Қапшағай өңіріндегі инвестициялық мүмкіндіктері мәселесі бойынша семинар өтеді. Семинарда бизнес субъектілеріне несие беру, кепілдеу және тағы басқа бизнесті қолдау түрлері бойынша сұрақтар талқыланады.

Семинарға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Байланыс телефоны «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі 8/72772/44677. >>>

/ 21.09.2017/

obyav

   Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер... Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5 сұраққа жауаптар әзірледі. >>>

/ 23.08.2017/

obyav

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!!!

   2017 жылдың 25 шілде күні түңгі сағат 23.00-ден бастап қала бойынша жасыл желектерді зиянкестерден улау жұмыстары жүргізіледі. Осы себепті уланып қалмау қаупіне байланысты есік-терезелеріңізді жауып қойыңыздар.

/ 25.07.2017/

obyav

   Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары өзара оңтайлы үйлестірілген. Бірінші деңгей – бұл ортақ зейнетақы жүйесі. Онда зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджетте >>>

/ 24.07.2017/

obyav

   Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған. >>>

/ 24.07.2017/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде