Kapshagay.gov.kz

«Digital agent» мобильдық қосымшасының презентациясы

Главная


 

2019 жылдың 24 қантар  күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қапшағай қалалық филиалының ғимаратында,  халық арасында насихаттау және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында  «Digital agent» мобильдық қосымшасының презентациясы өткізілді.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша, азаматтардың мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдарына лезде жауап беруге мүмкіндік беретін Digital agent мобилдік қосымшасы 2018 жылдың қазан айынан бастап іске қосылды.
Мобильдік қосымша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын 5 балдық жүйе бойынша бағалауға, сонымен қатар бұл қосымша  қызметті бағалау кезінде фотосурет және бейнематериалдарды қосуға мүмкіндік береді. Қосымшаны «Google play» немесе «App Store» көмегімен жазып алуға болады.

 


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .