Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Главная




2018 жылдың 19 мамыр күні Қапшағай аймағындағы Шеңгелді ауылдық округінің мәдениет үйінде  мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Аталған шара Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге сәулет және құрылыс, білім, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары және басқа да бағыттар бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін жалпы 12 мемлекеттік мекеме мен халыққа қызмет көрсету орталығы қатысты.
Жәрмеңкенің  басты  мақсаты - халыққа  көрсетілетін мемлекеттік  қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру.
Жәрмеңкеге  келушілердің басым көпшілігі  әлеуметтік жәрдемақы жөнінде, жер телімдері, ауыл шаруашылығында субсидия жайлы, жылжымайтын мүліктерді ресімдеу туралы сұрақтар қойды.
Аталған шара барысында шамамен 60 шақты жергілікті тұрғын келді. Тұрғындарға жәрмеңке барысында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріліп, ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызмет алу саласындағы өздерін қызықтыратын өзекті сұрақтарына жауап, кеңестер берілді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәсілдері туралы қолжетімді түрде жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды.

 

 

 


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .