freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+   Google+

icon vopros_akimu

opros

opros

 

       Праздники Казахстана


 < Негiзгi
Бүгiнгi:

  ҚР Рәмiздерi


 

    Заң туралы мемлекеттіктерді Қазақстан Республикасының символдарында

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.
Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

          Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендігінің нышаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 1995 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» жарлығымен белгіленген.

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және ұлттық ою – өрнекпен нақышталған тік жолақтан тұрады.

 

КӨК ТҮС

          Тудың көгілдір бір түстілігі, бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, биік те игілікті идея бірлестігіне шақырады.

                   Зеңгір көк ашық аспан, барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған.

          Елтаңба тану ғылымы – геральдика тілінде, көк түс адалдықтың кіршіксіз тазалық пен бейкүні пәктіктің нышаны. Көне түркі тілінде, яғни барлық түркі тілдес халықтар тілінде «көк» сөзі «аспан» деген ұғымды білдіреді.

          Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

 

ӨРНЕК

          Өрнек – белгілі бір дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ғасырдан ғасырға жалғасып, бізге жеткен қазақтың ұлттық ою-өрнегінің ең көп тараған түрі зооморфтық өрнек – «қошқар мүйіз». Ерте кезде халық ою-өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп-жебеп, қорғайтын керемет күш көрген.

 

КҮН

          Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс – қамбат асыл металдың, алтынның, ай мен күннің, түпсіз тұңғиық қараңғылықтан шашырап шыққан жарықтың, одан жаратылған ғарыштың түсі. Күн мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың символы. Күн – уақыт өлшемі.

 

БҮРКІТ

          Ежелгі көк тәңірі Аспан мен күнге жақындап, шарықтай ұшатын құс патшасы, қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

          Қыран кең дала биігінде жеке, дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт бейнесіне айбындылық, еркіндік тәуелсіздік, бостандық, тәкәппарлық, биік ой – мақсат, қырағылық, намысқойлық тән. Сол себепті де ол көреген, қырағы, болжағыш. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой – ниетінің биіктігін білдіреді.

 

Авторы: ШӘКЕН НИЯЗБЕКОВ.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

           

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. 


Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу - алтын түстес.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. 


Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.


Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. 

 

 



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

ГИМН

 

Гимн, гректің «hunos» - салтанатты ән, ұран деген сөзінен шыққан. Мемлекеттік гимн халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Гимн – егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.

Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев

Жұмекен Нәжімеденов

Altyn ku'n aspany,
Altyn da'n dalasy,
Erliktin' dastany,
Elime qaras'y!
Ejelden er degen,
Dan'qymyz s'yqty g'oi'.
Namysyn bermegen,
Qazag'ym myqty g'oi'!

Qai'yrmasy:

Menin' elim, menin' elim,
Gu'lin' bolyp egilemin,
Jyryn' bolyp to'gilemin,бelim!
Ty'g'an jerim menin' - Qazaqstanym!

Urpaqqa jol as'qan,
Ken' bai'taq jerim bar.
Birligi jarasqan,
Ta'y'elsiz elim bar.
Qarsy alg'an y'aqytty,
Ma'n'gilik dosyndai',
Bizdin' el baqytty,
Bizdin' el osyndai'!

Qai'yrmasy:

Menin' elim, menin' elim,
Gu'lin' bolyp egilemin,
Jyryn' bolyp to'gilemin,бelim!

Ty'g'an jerim menin' - Qazaqstanym!

 

ноты гимна
ноты гимна
ноты гимна
ноты гимна
ноты гимна


ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

akorda

Astana20


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер



obyav

Кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлердің назарын!

Мемлекеттік қызметтерді алуда халық үшін қолайлы орта құру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат Базарбек Бақытжан Жұмабекұлымен жер қатынастарына қатысты семинар өткізу жоспарланған.
Жер мәселелері бойынша қатысты тұлғалар шақырылады.
Семинардың өткізілетін уақыты мен мекен-жайы: 2019 жылдың 08 ақпаны сағат 10.00-де, Қапшағай қаласы әкімдігінің кіші залында.
Байланыс телефондары: 8-72772-44677, 41010.

/ 06.02.2019/

obyav

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Жаңа 2019 жылға арналған мерекелік отшашу 31 желтоқсан күні сағат 19:00 де қалалық алаңда өткізіледі! Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен,
ұйымдастыру комитеті

/ 24.12.2018/

obyav

Заречный ауылдық округінің әкімі Б.Ф.Дүйсенбаевтің тұрғындар алдындағы есебінің КЕСТЕСІ

Заречный ауылдық округінің әкімі Б.Ф.Дүйсенбаевтің тұрғындар алдындағы есебінің КЕСТЕСІ ...

 

obyav

Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Е.А.Қойлыбаевтың тұрғындар алдындағы есебінің КЕСТЕСІ

Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Е.А.Қойлыбаевтың тұрғындар алдындағы есебінің КЕСТЕСІ ...

 

obyav

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2018 жылдың 14 желтоқсан күні қалалық мәдениет үйінде 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Басталуы сағат 16.00-де.

                               

/ 05.12.2018 ж./

obyav

Құрметті Қапшағай қаласының, Шеңгелді және Заречное ауылдық округтерінің тұрғындары!

2019 жылы жалпыұлттық халық санағын жүргізуге дайындық жұмыстарына байланысты, қалалық көші-қон полиция бөлімінде өздеріңіздің мекен-жайларыңызды тексеріп (ХҚКО ғимараты, 1-ші қабатында), сонымен қатар бөтен адамдарды (тіркелген, бірақ тұрмайтын адамдарды) тіркеуден шығаруға шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз.

                                Қала әкімшілігінің ұйымдастыру комитеті

/ 19.11.2018 ж./

obyav

Кәсіпкерлердің назарына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Инвестициялар бойынша комитетіне кіру кезінде алған міндеттемелерді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстандағы Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі – ҰБО) болып...

/ 18.10.2018 ж./

obyav

Қапшағай тұрғындарының назырына

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ағымдағы жылдың 2 қыркүйектегі №1-5-2-55/3382-и және Алматы облысы ІІД ЖПҚ №30-3-45/1908-И нұсқауын орындау үшін Қапшағай аумағында халық арасында Жергілікті полиция қызметінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, 2018 жылдың 05 қыркүйектен 05 желтоқсан аралықта Қапшағай аумағында «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

/ 05.09.2018 ж./

obyav

Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы Мемлекет басшысының 5-ші бастамасының үшіншісін орындау аясында студенттік жастардың тұру шарттарын жақсарту мен мемлекеттік білім беруді жинақтау жүйесін жүзеге асыру үшін, келесідей мемлекет өз азаматтарың...

/ 04.09.2018 ж./

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2019


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде