Kapshagay.gov.kz

Мерекелік жиын!



    «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалында 1-наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне және «Алғыс айту» күніне орай салтанатты жиын өтті.
Шараға қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық мәслихат депутаты Өтеғали Әбутәліпұлы, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Нұрқадырұлы, Қапшағай қаласы мәслихатының хатшысы Қайрат Нұраханұлы, қалалық мәслихат депутаты Съезбек Ақылтайұлы, «Қоғам»БПҰ төрағасы Ержан Ешмұханбетұлы құттықтау сөз алып, жиналған партия белсенділерін мерекемен құттықтады.
Шара барысында партияның белсенділері қала әкімі, партия филиалының төрағасы Талғат Қанатұлының алғыс хатымен марапатталып, жаңадан партия қатарын толықтырған азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды.



/11:11 18.03.2017 г./



«Нұр Отан» партиясы


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .