Kapshagay.gov.kz



    «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалының желілік кестесіне сәйкес партия филиалының «Нұрғасыр» және «Қоғам»БПҰ мүшелерімен кездесау өтті. Кездесуге >«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, облыстық мәслихат депутаты Юнусов Өтеғали Әбутәліпұлы,  қалалық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.
      Кездесуде Елбасы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік" атты халыққа Жолдауы тақыланды. Сонымен қатар экстремизім мен терроризімнің алдын алу жолдары мен қауп-қатері айтылды. Шара барысында азаматтар Ғалиасқар Төлендіұлына  өздерінің сұрақтарын қойып пікір алаңын құрды.
     Қоғамның саяси өміріне байланысты бірқатар  тың ақпарат алған «Нұрғасыр» және «Қоғам» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері  Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлына өздерінің алғыстарын білдіруде. 
     Кездесуден кейін Ғалиасқар Төлендіұлы Қапшағай қаласының тұрғындарын қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке мәселелері бойынша қабылдап, бірқатар мәселелердің оңтайлы шешілуіне мұрындық болды.



/11:00 14.04.2017 г./



«Нұр Отан» партиясы


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .