Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Главная


Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіру, цифрлық қолтаңбаны насихаттау бойынша 2019 жылдың 30 мамырында сағат 10.00-де Қапшағай қаласы әкімімен бекітілген ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік  көрсетілетін қызметтері бойынша өткізілетін 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына, қала аппарат басшысымен бекітілген кестеге сәйкес, Шеңгелді ауылында 50 шақты тұрғынның қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Қапшағай қаласы әкімшілігінің мемлекеттік қызметтер көрсететін 7 мемлекеттік мекемесі және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қатысты. Тұрғындарға жәрмеңке барысында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріліп, қала тұрғындарының мемлекеттік қызмет алу саласындағы өздерін қызықтыратын өзекті сұрақтарына жауап, кеңестер берілді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәсілдері туралы қолжетімді түрде жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды.

 


  Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .