Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Главная



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі-Департамент) хабарлайды:
Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайынғы «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық байқауына қатысушылардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары   2019 жылдың 5 сәуір мен 5 мамыр аралығында Талдықорған қаласы, Нұр-Сұлтан көшесі,75, 204 кабинетте қабылданады. Анықтама үшін телефон: 241323, 241161, 241050.
Конкурс туралы толық мәлімет kyzmet.gov.kzресми сайтында  орналастырылған.

 

 

Әдістемелік ұсыныстар (.zip 31 Kb)


  Қапшағай қаласының әкімі аппараты



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .