Kapshagay.gov.kz

Ауған соғысы – біздің өшпес тарихымыз

Главная



    Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл  30 жыл толуына орай   2019 жылдың 12-ші  ақпан күні Қапшағай қалалық мәдениет үйінде    қалалық мәдениет үйі, Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі, №32363 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Мәдениетті іс-шара басталмас бұрын Ауған соғысында қаза тапқан жерлестеріміздің рухына тағзым етуге арналған митинг ұйымдастырыдып, ескерткіш  алдына гүл шоқтары қойылды. Митинг барысында  Қапшағай қаласының Ауған соғысы ардагерлер ұйымының жетекшісі Кутеев Мұрат Бесетұлы мен Ұлы Отан соғысы ардагері Радионов Александр Дмитриевич сөз сөйледі.Митинг аяқтала,  қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өз жалғасын тапты.
    Салтанатты жиында  қала әкімі  Қайнарбеков Талғат Қанатұлы кездесуге келген ардагерлерді бейбіт күннің мерейлі мерекесімен құттықтап, Ауған соғысы ардагерлерін марапаттау рәсімімен басталды. Марапатталушылар қатарында қаламыздың "Ауған соғысының ардагерлер" ұйымын жақсартып және одан әрі нығайтудағы жеке үлесі, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеудегі белсенді қоғамдық жұмыстары үшін қала әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары Ауған соғысының ардагерлері:  Берік Ізбасарұлы Даркенбаев,  Байжұма Күзембайұлы Скаков, Андрей Борисович Липинин,  Қайрат Жүнісханұлы Маттоктанов, Владимир Иванович Орлов, Евгений Александрович Шаверин, Нишанбек Құрсақбайұлы Шунышбаевқа  табысталды.      Сонымен қатар қала әкімі «Ауған соғысы – біздің өшпес тарихымыз екендігін, ал тарихты ұмытпау ұрпақтардың басты міндеті» екендігін айтып, дендеріне саулық, елімізге тыныштық пен бейбітшілік тілеп сөзін қорытындылады. 
    Салтанатты іс-шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.  Ұсынылған концерттік бағдарлама өте әсерлі өтіп,  патриоттық сезімді еселете түскендей болды. Атап өтсек аға лейтенант Сабит Толыбеков пен «Десант» бишілер тобымен бірлескен «Анаға хат» әні және де «Ауғандағы соғыстың ардагерлері» атты әні жауынгерлердің ерлігін еске алдыртып , іс-шараны ерекше жандандыра түсті. Сахнада «Кукушка», «Ауғанстан», «Мы эхо» тағы да басқа патриоттық әндер айтылды. Ерекше айтарлық Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл  30 жыл толуына арнайы жазылған «Капшагай-столица ДШБ» атты әуені   «Қанатты гвардия» тобының орындауында алғаш   рет  сахнада шырқалды.
    Ауған соғысы қазақ халқына да қайғы мен  қасірет алып келді. Отан алдындағы борышын адал атқарған жігерлі жас ұрпақ  саясат құрбанына айналғанын ол кезде бағамдап та үлгермеген еді. Жүздеген қазақ жастары жат жерде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан мүгедек болып оралды. Ауған ардагерлерінің ұмытылмас ерлігі мен есімі өскелен ұрпаққа үлгі болуы парыз.  Себебі, ауған соғысы боздақтардың қанымен жазылған тарих, ол ұмытылмайды және ұмытылуы мүмкін емес!

 

Жүсенова Бекзат Күмісбекқызы
Қапшағай қаласы мәдениет үйінің
көркемдік жетекшісі


  Тiлдердi дамыту бөлiмi



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .