Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Главная


 

«Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Қапшағай қаласының жергілікті полиция қызметкерлерінің өкілдерімен қаладағы ретсіз сауданы жою мақсатында, рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы орган белгілеген жерлерден тыс жерлерде сауда заңының талаптары туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша түсіндірме берілді.
Аталған бапқа сәйкес, «Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».
Жыл басынан 214 хаттама толтырылып, оның ішінде жалпы сомасы 264 550 теңгеге 11 айыппұл салынды.
Қала әкімдігі осы бағытта жұмыстарды жалғастырады.


  Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .