Kapshagay.gov.kz

Кәсіпорындардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік

Главная



2018 жылдың 14 тамызында Қапшағай қаласының әкімдігінде қаладағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтасыз ету бойынша семинар жиналыс өткізілді. Жиналысқа кәсіпорын мен мекемелердің, карьерлердің, жанар-жағармай станцияларының өнеркәсіптік қауіпсіздікке жауапты мамандары шақырылды.
Басты мәселелер туралы Алматы облысы бойынша индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Департаментінің салаларалық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Урумханов Елдос Саинұлы баяндама жасады. Ол қатысушылардың назарына Департамент өкілдерімен бірлескен Қапшағай қаласында қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтасыз ету бойынша тұрақты жұмыс тобының құрылғанын, топ жұмысының іс-шаралар жоспары бекітілгенін жеткізді.
Жиналыс барысында қатысушылардан сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, оларға толық қанды жауаптар берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша барлық сұрақтарды Департаменттің келесі телефонына: 8-7282-321046 немесе Талдықорған қаласы, Қаратал көшесі 141 мекен-жайына хабарласуға болады.


  Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .