Kapshagay.gov.kz

 

Главная



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Бейсеқұлова Ляззат Мұқатайқызы Қапшағай қаласы әкімдігінің кіші залында қызмет тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасы турасында кездесу өткізді. Оған қала әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жүздесу кезінде мемлекеттік қызметте жұмыс атқаратын басшылар мен азаматтар жүріс-тұрыс, киім киюді айтпағанда қаншалықты этикалық нормаларды сақтайды. Соған орай, еліміздің біраз облыстарында аталған сала қызметкерлері тарапынан орын алған келеңсіздіктер мен тәртіпсіздіктер бейне фильм арқылы көрерменге ұсынылды. Сонымен бірге жиында болашақта мамандар екі кезеңнен тұратын жаңа жүйе бойынша жалақы алатыны айтылды. Яғни, кез-келген қызметкер күнделікті жасайтын жұмысы негізінде және осы жыл бойына атқарған ісі арнайы комиссияның сараптамасымен бағаланып, озат атанған қызметкерлер 4 немесе 12 есеге дейін бір айлық мөлшерінде сыйақы алады. Яғни, алдағы уақытта мамандар жаңадан енгізілетін балдық жүйе аясында жұмыс істары толықтай сараланып, соған қарай жалақы мөлшері белгіленбек. Егер төмен көрсеткіш алған қызметкер, әлбетте алатын айлығыда төмен болмақ. Сондай-ақ, келешекте бірыңғай персоналды басқару қызметі, есеп және заңгер бөлімдері мүлдем болмайды. Оның барлығы орталықтандырылған жүйемен орындалмақ. Одан басқа, әр мемлекеттік қызметкер заңға сәйкес, 8 сағаттан артық жұмыс жасамауы керек. Сондықтан, Алматы облысында арнайы құрылғы орнатылады. Осы құралға облыстағы барлық мемлекеттік және жергілікті органдар компьютер арқылы ортақ қосылады. Ол таңғы 09-00 мен 18-30 дейінгі аралықта жұмыс істеп тұрады. Демек, сағаттың тілі 18-30 ды соққанда ол өз жұмысын тоқтатады. Яғни, барлық мекемелердің компьютері бір уақытта өшеді. Бұл қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануына септігін тигізбек. Сонымен қоса, кездесуде е-қызмет бойынша жұмыс жасалынуын, меритократия қағидасы шеңберінде іс қатаң сақталынуы да айтылды. Яки, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабында жоғарылауларына мүмкіндіктері бары да тілге тиек етілді. Тағы бір айта кетерлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс орталығында ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылған. Мұнда барлық қызметкерлер оқып, білім жетілдіруі қарастырылған. Ең қуантарлығы мемлекеттік қызметкерлер мектебі ашылып отыр. Ол талабы бар, мемлекеттік қызметкер болғысы келетін жастар оқып, диплом алып, болашақ маман болуына мүмкіндіктері бар.


  Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .