Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Главная



Бүгін 2018 жылдың 27 сәуір күні Қапшағай аймағындағы Заречный ауылдық округінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен«Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге Қапшағай қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелер мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Қапшағай қалалық филиалының өкілдері (мамандары)қатысты. Жәрмеңкені өткізудегі басты мақсат  - «Біздің міндет - халыққа қызмет» позициясы аясында  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Аталған шара барысындаэлектрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріліп,ауыл тұрғындарыныңмемлекеттік қызмет алу саласындағы өздерін қызықтыратын өзекті сұрақтарына жауап, кеңестер берілді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәсілдері туралы қолжетімді түрде жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды.

 

А. Анықбаева

 


  Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .