Kapshagay.gov.kz

Құрметті қапшағайлықтар мен қала қонақтары!

Главная



Совет әскерінің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 73 жыл толу құрметіне орай Сіздерді біздің «Жаужүрек полк» құрамына шақырамыз!
Өздеріңіздің 1941-1945 жж. соғыс ардагерлері (әскери және флот ардагерлері, партизан, қарсы тұру жауынгері, тыл еңбеккері, концлагерь тұтқыны) болған туыстарыңыздың портретін алып, «Жаужүрек полк - Қапшағай 2018» атты ұрпақтар шеруіне келіңіздер.    Өткізілетін мерзімі: 9 мамыр 2018 жыл. Жиналу - 09.00-де, жүру 10.00-де.
Өткізілетін орны: Қалалық сот ғимаратының алдында жиналып, Абай көшесінің бойымен қалалық алаңға жүру.
Біз сіздерді күтеміз!

 

«Жаужүрек полк - Қапшағай 2018»
атты ұрпақтар шеруіне қатысушылардың назарына!

 

Транспаранттар үшін бірдей стандарттар дайындалды. Жауынгердің суреті қойылған немесе аты-жөні жазылған (егерде суреті болмаса, аты-жөні, қызметтік лауазымы жазылған плакат жасауға болады) транспарантта қазақстандық Жеңіс лентасы, Отан соғысының ордені,  полктің логотипінен басқа символ болмауы керек. 
Транспаранттың өлшемдері: ені – 290 мм, ұзындығы – 435 мм, сабының ұзындығы – 400 мм. Фото: 245 х 290 мм. Сабы ағаштан немесе пластмассадан жасалу керек. 
Транспарантты жасау міндетті емес. Бұл портретті ұстап жүруге ыңғайлы болу үшін жасалады. Қатысушы үлкен өлшемдегі суретпен де шеруге шыға алады, тек фото шыны жиектемеге салынбауы керек. Өйткені, оның шыныда орналасуы қауіп төндіреді, екіншіден, шыны жиектемедегі сурет күнге шағылысады.

 


Координаторлар:

Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлы тел: 7-95-39, 8-707-677-59-99;
Вижунов Сергей Владимирович – 8-747-160-51-14;


  Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .