Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру

Главная


 

Қазіргі уақытта Қапшағай қаласы, №1 ықшам ауданы, №41/1 жер телімінде орналасқан 50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің құрылысы  аяқталуда. Нысанның пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың шілде айына жоспарланған.
Салынып жатқан тұрғын үйдің жанында «Гүлдер» балабақшасы және Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан. Тұрғын үйдің сыртқы келбеті заманауи талаптарға сай жобаланған. Үйдің абаттандыру ауласында демалыс орындары және балаларға арналған ойын алаңы, тұрғындарға арналған уақытша көлік тұрақтары қарастырылған.     
Ішкі әрлеу:
Тұратын бөлме және дәліз:
Қабырға, төбе – жақсартылған левкас, суэмульсиясымен бояу.
Еден жабындысы – ламинат. 
Тағам дайындау бөлмесі:
Қабырға, төбе – суэмульсиясымен бояу, жұмыс алаңын керамикалық плиткалармен жабу.
Еден жабындысы – ламинат. 
         Жуынатын бөлме:
         Қабырға – керамикалық плита h=2.7м.
Төбе – суэмульсиясымен бояу.
Еден жабындысы – еденге арналған керамикалық плиткасымен жабу.
Лоджия, қылтима:
Қабырға, төбе – суэмульсиясымен бояу.
         Еден жабындысы – керамикалық плита.
Бөлмелер саны және жалпы ауданы:
         1 бөлмелі – 10 пәтер, жалпы ауданы - 42.14 ш/м;
         2 бөлмелі –  25 пәтер, жалпы ауданы 59,50 ш/м бастап;
3 – бөлмелі  - 15 пәтер 79,04 ш/м бастап;
Тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілгеннен кейін кезекте тұрған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ  ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ-да тіркеуде тұрған үйге мұқтаж салымшылар арасында жүзеге асырылынатын болады.

 

«Қапшағай қаласының
құрылыс бөлімі» ММ басшысы                                   М. Демеуқұлов

 



  "Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .