Kapshagay.gov.kz

Білім беру инфрақұрылымын дамыту

Главная


 


«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында апатты мектептерді жою және үш ауысымдық білім беру бойынша жұмыстар жасалып, «Білім беру инфрақұрылымын дамыту» бағытында, Шеңгелді ауылдық округі, Ақөзек ауылында 2017 жылы облыстық қаражаттан  трансферттер арқылы 120 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталды. 
         Аталмыш ауылында салынған мектеп биыл пайдалануға беріліп, мектептің ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Омар Ж. М., Қапшағай қаласының әкімі Қайнарбеков Т. Қ., қала әкімнің орынбасары Нұрғазиев С. Ш., Алматы облысының білім басқармасының басшысы Жүнісов Д. Х. сонымен қатар өзге де мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
         Осы мектептің құрылысы мен жабдықтауына 603,8 млн.теңге қаражат жұмсалып, бүгінде білім беру мекемесінде өқу әдісі қазақ тілінде жүргізіледі. Білім шаңырағында оқу тәсілі кеңейтілген түрде білім беру қамтамасыз етілген. Жалпыға бірдей білім беру стандарты жүзеге асырылады. Бұл оқу орнының өзгелерден айырмашылығы мұнда қажетті, озық үлгідегі жабдықтармен қамтылып кабинеттері қоса ашылған.
         Ғимарат қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес салынды. Сонымен қатар, нысанда қозғалысы шектеулі жандарға да арнайы қол жетімділік талаптары ескерілді. Жалпы алаңы – 14,0 мың.шаршы метрді құраса, ал ғимараттың аумағы – 3,2 мың.шаршы метрді алып жатыр. Мектеп алаңында  дене шынықтыру және белсенді демалыс алаңы және шаруашылық аумағы, қызметтік және жеке көліктерге арналған автотұрақ қарастырылған.

 

 


 


  «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .