Kapshagay.gov.kz

2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы қызметінің қорытындысы және стратегиялық даму жоспарлары

Главная



2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,58 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 897 млрд теңгеге ұлғайды. Яғни, жыл басынан бергі өсім 13,4 пайызды құрады. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 10,1 млн бірлік. Жыл басынан бері жаңа салымшылар үшін 345,5 шот ашылды, оларға он ай ішінде 54,8 млн теңге зейнетақы жарналары аударылды. Сонымен қатар шарттардың барлық түрі бойынша жарналардың жалпы сомасы - 616,5 млрд теңге болды. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен (МЗЖ) – 586,8 млрд теңге, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен (МКЗЖ) – 29,3 млрд теңге және ерікті зейнетақы жарналары есебінен (ЕЗЖ) – 365 млн теңге.Зейнетақы жарналары түсімдерінің орташа айлық көлемі – 61,65 млрд теңгені, ал жарналардың орташа айлық саны – 5,5 млн жарнаны құрады. Бұл  зейнетақы шоттарына күніне шамамен 274 мың жарна түседі деген сөз. 2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 457,7 млрд теңгеден асты. Ал Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,62 пайыз болды. Осы кезеңде инфляция көлемі 5,4 пайызды құрады.  
Қордан жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасы 176,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 20,9 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан 142,6 млрд теңге төленді, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 16,9 млрд теңгені құрады. Бұл ретте төлемдердің 98,4 пайызы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша төлемдерді, ал 1,35 пайызы - МКЗЖ есебінен жасалған төлемдерді құрайды. Күніне орта есеппен  1,4 мың төлем жасалады.
2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 795,5 мың салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты электрондық поштаарқылы алуды таңдаса, шамамен 3,8 млн. салымшы ақпарат алу тәсілі ретінде интернет-хабарландыру жолын таңдаған. Бір миллионнан астам адам ұялы қосымшаны пайдаланады.

 

2017 жылдың қазан айында Қордың Директорлар кеңесі Корпоративтік даму стратегиясын бекітті. Ол бойынша Қор алдына 2017 жылдан 2021 жылға дейін жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттер қойылды.
Жаңа стратегияны қабылдауға Қазақстан экономикасында және отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінде орын алған бірқатар факторлар мен уақиғалар әсер етті. Негізгі себептерді атап өтуге болады. Олар:

  • мұнай және басқа да энергия тасымалдаушылар бағасының өзгеруі;
  • еркін айналымдағы теңге бағамына ауысу;
  • инфляциялық таргеттеу тәртібіне өту және базалық мөлшерлемені енгізу (ол 10,5 пайызды құрайды).
  • нормативтік-құқықтық ортадағы өзгерістер;
  • Барлық зейнетақы активтері мен міндеттемелерін біріктіру үдерісі аяқтала салысымен Қор алдына қойылған міндеттер өзінің маңыздылығын жоғалтты.  

Айта кетелік, «БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда осы Корпоративтік даму стратегиясы аяында Қор алдына мынадай негізгі мақсаттар мен міндеттер қойылған. Олар:

  • үздік әлемдік стандарттарға сәйкес сапалы қызмет көрсету,
  • тұрғындар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін дамыту,
  • Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бағыты бойынша Қазақстан заңнамаларын жүзеге асыру. 

Бүгінгі күні зейнетақылық қызметтердің барлық дерлік түрі электрондық форматта қолжетімді деуге болады. Қор электрондық қызметтерді ілгерілету және дамыту жұмыстарын одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. 
Бүгінгі таңда электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы шамамен 40 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу көзделуде.
Бұдан басқа, Қор электрондық қызметтерге қолжетімділікті оңайлату мақсатында екінші деңгейдегі банктердің инфрақұрылымдарын – интернет-банкинг пен банкоматтар желісін пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту аясында қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын орналастыру жобасын жүзеге асыру жұмысы жүргізіліп жатыр. 
Бұл ретте Қордың өңірлік желісін оңтайландыру, материалдық-техникалық инфрақұрылымын нығайту, қызметкерлер құрамын дайындау және қызмет көрсету стандарттарын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, 2018 жылдың басында ISO:9000 сәйкестік сертификатын алу арқылы сапа менеджменті стандарттарын енгізу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, тұрғындардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарына басымдық беріледі. Өйткені, жинақтаушы зейнетақы жүйесі негізділігінің іргелі шарты – ол, азаматтардың зейнетақы жинақтарын ерте бастан қалыптастырудың маңыздылығын жете түсінуі болып табылады.
БЖЗҚ әлемдік тәжірибелерді зерттеп жатыр және тұрғындарды ерікті зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға қызықтыру үшін салық заңнамаларына өзгерістер енгізу және басқа да ынталандыру жолдары бойынша ұсыныстарды сараптан өткізуде.
Заңнама аясында, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту бойынша басқа да көптеген міндеттерді жүзеге асыруда БЖЗҚ-ға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Атап айтар болсақ, бұл ең алдымен 2018 жылдың басынан бастап Қордан зейнетақы төлемдерін ай сайынғы негізде жүзеге асыру, 2020 жылдан бастап зейнетақы жүйесінің шартты-жинақтаушы құрамдауышы – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ендіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше-мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Шарт аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Құзыретті орган ретіндегі қызметін жүзеге асыру міндеттері.  
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен БЖЗҚ-ның 2018 жылға арналған комиссиялық сыйақысының шамасы:

  • инвестициялық табыс сомасының 5,25 пайызы;
  • зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызы көлемінде белгіленді (сыйақы мөлшерлемесі 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға немесе 1,5 есеге азайды).

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

 


 




Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .