Kapshagay.gov.kz

Облыстық «Дарын» ғылыми жобалар жарысы қорытындысы

Главная


 


Қапшағай қаласы мен аймағы бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысатын белсенді оқушылардың саны жыл сайын артуда. Еліміздің ертеңі болар жас дарындардың шығармашалық әлеуетін арттыруда ғылыми жобалардың алар орны ерекше.  Жоба байқауының мақсаты  зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету,   оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару болды. Дарынды балаларды  қолдау мен олардың мүмкіндіктерін дамыту мақсатында   дәстүрлі түрде өтетін ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне  2017 жылдың  қараша айының 29 күні қала мен аймақ бойынша 26 жоба ұсынылып,   қорытындысы бойынша 20 жобаның авторлары жеңімпаз атанды, оның ішінде 4 жобаның авторы 1-орынды,  2-орынды- 7 жобаның авторы, 3-орынды 8 жобаның авторы иеленді.    

 


 


  "Қапшағай қаласының білім бөлiмi ММ"



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .