Kapshagay.gov.kz

Ардақты ағайын, құрметті қапшағайлықтар!

Главная


            
           

Сіздерді еліміздің дәстүрлі мемлекеттік, мәртебелі мерекесі – Тұңғыш Президент күнімен  құттықтаймын!

Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесі қаланып, төрткүл дүниеге танылып, әлемді мойындатқан қарымды Мемлекетке айналуымызда - ел бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.
Ұлт көшбасшысы Қазақстанды өз мемлекеттілігін барлық нышандары бар, 130-дан астам отандастарды  бір шаңырақтың астына тоғыстырған, бейбіт өмір сүретін, егеменді ел ретінде қалыптастырды.
Сонымен бірге, 1994 жылы әлемдегі ядролық қаруы жағынан 4-ші орынды иемденетін Қазақстан - бұл жолдан бас тартуы арқылы дүниежүзіне үлгі көрсетті.
Кез келген мемлекет тағдырын айқындайтын тарихи сәттерді басынан өткереді. Соның бірі - Елбасының шешімімен ерке Есілдің бойына ел қондырып, еңселі Ордамызды орнаттық. Арқаның төсіне Астана атты құтты мекен салып, бас қаланың сұлулығымен сырт елдерін тәнті еттік. Мемлекет басшысының халыққа арнаған әр Жолдауында ел дамуымен, халықының жақсы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап келеді. Осы мақсатты көздеген Елбасы, биылғы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын да ұлтымыздың тұтастығы мен ұлттық болмысымызды сақтап, мәдениетіміздің өрісінің кеңеуіне мән берді. Бұл да елбастаған көшбасшының сарабдал саясаты мен көрегендігінің тағы бір дәлелі.
Ел Президентінің тәуелсіздік жылдары жер жаннаты жетісу өлкесіне, кіндік қаны тамған жеріне қашанда бүйрегі бұрып тұратыны анық. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасаған әр сапарында өңірдің өркендеуі үшін ірі жобалардың іске асуына жіті мән беріп, ерекше келеді. Бұл Ұлт көшбасшысының ыстық ықыласы мен кең пейілі. Осындай жерлестеріне білдірген жылылығы, жүрек жарды тілегі барша жетісулықтарды, соның ішінде қапшағайлықтарды қуантады.
Сондықтанда, Қапшағай қаласы «Тұңғыш Президент күні» мерекесін ерекше көңілімен  атап өтіп, өз көшбасшысына құрметпен қарайды.
Бұл, тіпті, осыдан 26 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевты Президент етіп сайлаған халықтың сәтті жасалған таңдауына деген құрметі.
                                   
Құрметті жерлестер!

Елбасы  Қазақстан  халқына Жолдауында: «Отанды қалтқысыз сүю – оның суығына шыдап, ыстығына күюді  талап етеді. Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес» - деп атап көрсетті.
Президенттің мемлекетті дамыту мен өркендету жолында төккен тері, жұмсаған қажыр-қайраты, сіңірген еңбегі өлшеусіз. Сондықтан да, ұлт көшбасшысын ұлықтап, мерейін асқақтату әр халыққа, ұлтқа артылар міндет, жүктелер парыз.
Біз ізгілікті дәріптей отырып, Тәуелсіздік пен Президент ұғымдарын бөлек қарауға болмайтынын түсінуіміз керек.
Елін сүйген Елбасымен бір болайық!
Тәуелсіздігіміз мәңгілік, егемендігіміз биік болғай!
Баршаңызға толағай табыстар тілеймін!!!

 


 

Қала әкімі, Т. Қайнарбеков



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .