Kapshagay.gov.kz

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтудың маңыздылығы

Главная


 

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында құрылған «Жастар практикасы» бағдарламасы жастар үшін зор мүмкіндік болып отыр. Жастар тәжірибесі - оқу аяқталғаннан кейін 3 жыл ішінде алған мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алу мақсатында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бағдарламаларын іске асыратын, ұйымдарының түлектерімен жүргізілетін еңбек түрі болып табылады. Ұйымдар бойынша бөлу, жұмыс берушілердің өтініштері бойынша жасалады. Жастар тәжірибесіне білім беру ұйымдарының жастар түлектерінің жұмыссыздарын, тек олардың келісімімен ғана жолдауға рұқсат етіледі.
Қапшағай каласы халықты жұмыспен қамту орталығынан ағымдағы жылдың ақпан айынан жүгінген жұмыссыз азаматтардан 37 адамға бағдарлама бойынша әр-түрлі мекемелерге жастар практикасынан өтуге тапсырыс берілді, соның ішінде 18 адам тәжрибеден өтті, 9 адам тұрақты жұмысқа ораналасты. Өтініш берушілерді жастар тәжірибесіне «Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп МДШО Ақөзек ауылындағы №10 бастауыш мектебімен» МКМ-не, Алматы облысының сот әкімшілігіне, «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Қапшағай қала әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Қапшағай каласының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Қапшағай каласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне, «Қапшағай каласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Алматы өңірі» телекоммуникациялық дирекциясына, Қапшағай қалалық ауруханасына, «Жана Дауыр» жауапкерлігі шектеулі серіктестігіне жіберілді.
Мысалға, 2017 жылдың 11 мамыр айында, 1997 жылы туылған Қайныпназар Гүлнұр Жолдыбайқызы 2017 жылы Алматы мемлекеттік политехникалық колледжін радиотехника және байланыс мамандығы бойынша бітіріп, мамандығы бойынша тез арада жұмыс таба алмағандықтан, халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген. 2017 жылдың 01 маусым мен қазіргі таңға дейін, өтініш бойынша жастар тәжрибесін, «Алматы өңірі» жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығында Қапшағай желілік - техникалық цехында өтуде. Жастар тәжірибесін өту мақсатында Гүлнұр тәлімгердің берген тапсырмасын адал ниетпен орындап, өз деңгейін жоғарыдан көрсетті. Жас маман жұмысына ризалығын білдіріп, тәжірибе алып, болашақта тұрақты жұмысқа орналасуды үміттенеді.

«Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту орталығы» МКМ-нің бас маманы Б.Оспанова


 


  «Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .