Kapshagay.gov.kz

«Астана ЭКСПО-2017»

Главная


 


2017 жылдың 27 тамызынан 31 тамызына дейін Қапшағай қаласынан 38 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 11 аз қамтылған жанұя мүшелері жалпы алаңы 174 гектарды құрайтын «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен көрмені өткізіп отырған таңғажайып Астана қаласын өз көздерімен көріп, тамашалап қайтты.
«Астана ЭКСПО-2017» басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау білуге үйрету білімін қалыптастыру.
Алматы облысы әкімдігінен бөлінген қаржыға орай осы жобаны жүзеге асыру үшін «Қазақстан жастарының конвенті» жеке қорының директоры
А.Б. Абдурашитов ЭКСПО-2017 қатысушылар үшін Астана қаласына барып-қайту жол ақысын, жатын орын, үш уақыт тамақтану, суретке түсу, демалу, «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін және әсем қала Астананы тегін аралау іс-шараларын ұйымдастырды.
ЭКСПО көрмесіндегі көптің назарын аударып жатқан ол «Болашақ энергияның музейі» ретінде таныстырылған басты ғимарат «Нұр әлем» павильоны.
Қапшағай қалысынан барған қонақтар да шар түрінде салынған Қазақстанның ұлттық павильоны мен Сфераның сегіз деңгейіндегі энергетика саласында – ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергиялармен, бұдан басқа «Астана ЭКСПО-2017» энергия көздерін өндіру, сақтау және тасымалдау саласында үздік әлемдік тәжірбиелермен таныстырылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен аз қамтылған жанұя мүшелері «Астана ЭКСПО-2017» тегін тамашалауға мүмкіндік берген Алматы облысы әкімдігі мен «Қазақстан жастарының конвенті» жеке қорының директоры
А.Б. Абдурашитовқа үлкен алғыс білдіреді. Сіздерге және жанұяларыңызға денсаулық, бақыт және еңбектеріңізге табыс тілейді.


Қапшағай қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі


 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .