Kapshagay.gov.kz

«Кітаппен өткен жаз қызық» кітапханаға саяхат

Главная


 

   

        Қалалық кітапханаға жазғы маусым басталғалы бері қаламыздың № 3 орта мектептің «Салауат» жазғы лагерінің, Д.Қонаев атындағы № 1 қазақ орта мектептің «Балдәурен», «Балдырған» жазғы лагерінің балалары және «Гүлдер», «Балдәурен», «Балауса» балабақшаларының бүлдіршіндері саяхат жасады.   
 Сиқырлы кітап әлеміне қуана енген балаларға кітапхана қызметкерлері                   кітап – сарқылмас қазына екенін,  білімнің кітап арқылы берілетіні, және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мағұлматтар беріліп, кітап сөрелеріндегі қызықты ертегілер, энциклопедиялар, танымдық кітаптармен таныстырып өтті,  ұлтымыздың салт-дәстүрін, өнерін насихаттайтын он екі кітап және сөйлейтін қаламнан тұратын «Даналық әліппесі» кітабы бүлдіршіндердің  қызығушылықтары арта түсті. Сонымен қатар  бүлдіршіндерге «Ғажайып кітап әлемі» - «Мир волшебных книг», «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесінен «Алдар көсе мен бай», «Қызыл телпек», «Жеті лақ», «Қар ханшайымы», «Ақшақар мен Аяз Ата» т.б. ертегі кейіпкерлері туралы қызықты әңгімелер айтылып, балаларға арналған «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Бала би» атты мерзімді басылымдарымен де танысып, ерекше әсер алды.
Шараның мақсаты - жас бүлдіршіндерге білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру,  кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндіру және бүлдіршіндерді ертегі арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Қапшағай қаласының қалалық
кітапхананың бөлім меңгерушісі
Қарлығаш Оразалинова
 


 


  Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .