Kapshagay.gov.kz

Кәсіпкерлерге арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру

Главная


 

Конкурсты ұйымдастырушы: Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасы;
Орналасқан орны: Алматы облысы,Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26; электронды поштаның мекен-жайы: dpp_mb@mail.ru, байланыс телефоны  +7(7282)329568, 329567;
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Конкурс нысаны: ашық конкурс
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі №13, 3- қабат, 303-кабинет, тел: 8/72772/ 4-46-77, 4-10-10.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін
үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің
өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен
толық құжаттама пакетін береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері:2017ж.«15» мамырдан бастап     2017 ж. «29» мамырға дейін жұмыс күндері сағат 10-нан бастап сағат 17-ге дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты:2017 ж.«15» мамыр сағат 10-нан бастап (жергілікті уақыт)
Өтінімдерді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты:2017ж. «29» мамыр сағат 13–ке дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен industry.gov.kz,  zhetysu.gov.kz сайттарында танысуға болады.
Ескертпе: бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы болып табылады.

 


 


  Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .