Kapshagay.gov.kz

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Главная


 

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, биылғы жылдың 28 маусымына ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына сайлау тағайындады. Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес үміткерлерді ұсыну жұмыстары басталып кетті. Осыған орай, Қапшағайда қалалық мәслихатының кезектен тыс 20 сессиясы өткізілді. ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына Нұрлан Қылышбаев ұсынылып отыр. Осы ретте, Талдықорған қаласында дүниеге келген Нұрлан Науырызұлы 1993 жылы Қазақ ауылшаруашылық, 2000 жылы  Қонаев атындағы Гуманитарлық институттарын тәмамдап, орман шаруашлығы және заңгер мамандықтарын алып шыққан. Ұзақ жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс атқарған ол өз ісін саласының жетекші маманы болып, Алматы облысы, Ескелді ауданы әкіміне дейін көтеріліп, кәсібін аса шеберлікпен атқара білді. Білімді, білікті басшы Жетісу өңірінің белгілі, осы аймаққа еңбегі сіңген азамат ретінде танымал.      
Айта кету керек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  ҚР Конституциалық Заңының 71 бабының негізінде үміткерлер екі бағытта ұсынылады.
Алғашқысы  облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкiн.    Ал, екіншісі өзін-өзі ұсыну бойынша өткізіледі.   

 


 


  Қапшағай қалалық мәслихаты


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .