Kapshagay.gov.kz

Алаш деп ұран салған ақын

Главная


 


«Бір ел – бір кітап» акция аясындабиылғы жылыөмірі мен тағдыры өлеңінде өрілген ағартушы, қазақтың аса көрнекті демократ–ақыны С.Торайғыровтыңшығармалары жыл кітабы болып таңдалды. Осыған орай шара аясында қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен қалалық саябақта «Алаш деп ұран салған ақын» атты  флешмоб болып өттік. Шараны қалалық кітапхана директорының м.а. Д.Жолымбетова ашып, елімізде жыл бойы халық болып оқылатын ақын С.Торайғыровтың мұралары туралы айтып өтті.Библиограф Ж.Нуптиева «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының тарихын және мақсатын баяндады.Орта мектеп гимназияның 7 «В» сынып оқушысы Мақұлбек Әділетақынның  өмірбаяны мен шығармашылығын мазмұндап берді.  Мәдени шараға белсенді қатысқан Орта мектеп гимназия
7 «В» сынып оқушылары ақынның  «Арманым»  (Алимбай Сезім), «Кедей» (Акимбаев Санжар),  «Шәкірт ойы» (Челекен Айдын).  «Мен қазақ» (Қазыбек Жанель),«Алаш ұраны» (Қабыш Қарақат), «Шығамын тірі болсам адам болып» (Ерғазы Мирас), «Соқыр ағаш», (Нұрылла Ғазиз), «Туған еліме» (Құрбан Нұрасыл) өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
«Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығының» кеңесшісі Нұрқасым Дамир Айдынұлы  өз сөзінде: «Кейде есіл қайран ерім-ай, еліне берерін түгел бере алмай кетті-ау,- деп өкінетініміз бар. Иә, өкінішсіз өлім жоқ. Әйтсе де, аз жасаса да, өртеніп өтетін, асыра асыл сыйлап үлгеретін, арманына жететін алыптар болатынын» айта отырып, сондай отты өлеңдерімен із қалдырған С.Торайғыровтың «Жас жүрек» өлеңін оқып берді.
Орта мектеп гимназия 10 «А» сынып оқушылары ақынның «Шәкірттерге» (АнгешановаГульнара, Тюменбаева Айсұлу), №4 ОМ-тің
9 «А» сынып оқушысы Летучих Данила «Кто они» атты өлеңдерін оқып, мәдени шараны жалғастырды.
Басқосуда қала мектеп оқушылары мен Көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің студенттері  қатысқан флешмоб кезінде ақынның өлеңдері жазылған жалаулар таратылды.

 

 

Д.Жолымбетова, қалалық кітапхана директорының м.а.

 

 


 


  Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .