Kapshagay.gov.kz

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмыс жасауда

Главная


 

"Қала және ауылдық округтері аумағының жағдайы және оны абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша шаралар туралы" - осындай тақырыпта 2017 жылғы 14 сәуірде депутат Р.Сагитдиновтың төрағалығымен қала мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
         Қалалық мәслихаттың ауылшаруашылықты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын өркендету және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясында "Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Күлембаевтың есебі тыңдалды.
         Санитариялық тазалау бойынша екіайлық жұмыс ішінде қала және ауылдық округтерде бірталай қоқыс шығарылды. Қаланың абаттандырылуы және көгалдануы бойынша жұмыстар басталды. Қурап қалған ағаштарды кесу жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде. Гүлдерді отырғызу жұмыстары жуырда басталады, коммуналдық қызметкерлер ауа райының жылынуын күтуде. Қазіргі таңда жерді дайындау жұмысы жүргізілуде.
         Жобалар ресми түрде таныстырылмасада, олардың қызу талқылануы өтуде. Мәдениет және демалыс саябағын қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Қалалық бұрқақтар және жағажайлар жаңа көрініске ие болады. Ескі аялдамалар кешені заманауи түрлеріне ауыстыру жұмыстары басталды. Қала ішіндегі және оның сыртындағы жолдарды жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілуде.
         "Қапшағай қаласының Жетісу көркі болатын мүмкіндігі бар, - деді тұрақты комиссияның төрағасы Р.Сагитдинов. - Алайда биліктің жалғыз өзі бұл мәселені шешуге қауқарлы емес. Әрбір қала тұрғыны, әрбір заңды және жеке тұлға өз үлесін қосып, өз аумағын ретке келтіріп, санитариялық нормалардың талаптарын қатаң сақтауы қажет".
         Бұл туралы кездесудің өзге де қатысушылары - қаланың ЖПИК төрағалары, шағын аудандардағы үйлердің жауаптылары, коммуналдық қызметтердің басшылары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері тілге тиек етті.
         Жиналыстың қорытындысы бойынша қаланың санитариялық тазалануы, абаттандырылуы және көгалдануы жөніндегі мәселелер бойынша қажетті іс-шаралардың орындалуы туралы ұсыныстар бар тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.

 

 

 


 


  Қапшағай қалалық мәслихаты


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .