Kapshagay.gov.kz

Халықаралық байқауының жеңімпазы

Главная


 

   2017 жылдың 2-4 наурыз күні Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Өмірбек Жолдасбеков атындағы  мектеп оқушылардың екінші Халықаралық механика және математикадан байқауының ашылуы болды. Іс –шараның мақсаты: білім жүйесін  және жастардың зерттеу дағдыларын  жетілдіру, математика ғылымына деген қабілеті мен қызығушылығы бар оқушыларды анықтау.
Шараның ашылу барысында Бақыт Қайырбековтің «Дәуір тоғысында» деп аталатын бейнефильм көрерменге ұсынылды. Бұл фильмда атақты ғалым,  ҚазҰУ-дің бұрынғы ректоры болған Өмірбек Жолдасбековтің өз мақсатына жету жолындағы ерен еңбегі мен ерікті жігері бейнеленген.
Сайысқа облыстық, республикалық жарыстарда жеңімпаз болған оқушылар қатысты.  Жеңімпаздар ҚРБҒМ үш дәрежедегі дипломы мен әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дің механика және математка Институтының жазғы ғылыми-зерттеу практикасына шақыру қағазы табыс етілді.
Қапшағай қаласынан аталған конкурсқа экономика бағыты бойынша қатысқан Орта мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Батырбекова Аяулым (жетекшісі Махмутова А.И.) 3 орын иеленіп ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, №3 орта мектебінің қолданбалы математика негізінде қорғап шыққан қатысушыларына сертификаттар табысталды.


 


  "Қапшағай қаласының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .