Kapshagay.gov.kz

Бақ сынаған жастар!

Главная


 

    2017 жылдың 5 наурыз күні Алматы облысы, Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел атындағы Университет базасында СДУ олипиадасы өтті. Қапшағай қаласы мен аймағындағы 14 мектептен 11 сыныпта оқитын 47 оқушы қатысты. Бұл түлектер үшін университет грантын немесе жеңілдігін ұтып алу мүмкіндік болып отыр.   
Мақсат - университет грантын немесе жеңілдігін ұсыну арқылы түлектерге қолдау, болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу.  
Олимпиада оқушылардың таңдауындағы физика, география, ағылшын тілі, әдебиет және дүние жүзі тарихынан сынды пәндерінен өткізілді.  Аталмыш сайыста әр пән бойынша қосымша сұрақтарда қойылып, қатысушылардың білімдері сараланды.  
Жеңімпаздар және жоғары нәтиже көрсеткен алғашқы 250 қатысушы СДУ ішкі гранттарын және 4 жылға оқуға жеңілдіктер алады.
Сайыс нәтижесі 2017 жылдың 20 наурызынан бастап университет сайтында жарияланады. Мектеп бітіруші түлектеріміздің өз мақсаттарына жетуге ұмтылудағы үлкен қызығушылықтары мен білімдеріне үміт арта отырып университет гранттарын жеңіп алуын тілейміз! 



 


  "Қапшағай қаласының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .