Kapshagay.gov.kz

«Тілдің үштұғырлығы –қазіргі заман талабы»

Главная


 

     Шенгелді ауылындағы Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектеп базасында «Тілдің үштұғырлығы –қазіргі заман талабы» тақырыбында  қалалық семинар өтті. Семинар заман талабына сай білімді, көпмәдениетті тұлға қалыптастырудағы «Үштұғырлы тіл»  жобасының рөлін айқындау бағытында өтті. Аталған шараға  48 педагог қатысты.
Семинар қалалық білім бөлімінің аға әдіскері Кулжанова Г.Н. салтанатты сөзімен ашылды. Ұстаздармен «Мен тұлғамын» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді. Бағдарламаға сай 12 ашық сабақтар  барысында химия, биология, физика пәндерінен терминдерді ағылшын тілінде меңгерумен қатар жаңа модификациялық құрылғыларды  сабақ үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру  мақсатында пайдалану жолдары көрсетілді. Семинар өз жұмысын педагогтермен «Тілдің үштұғырлығы – көп мәдениетті тұлға қалыптастыруының негізі» тақырыбында коучинг  жүргізумен және оқушылардың шағын концертімен аяқтады. Аталған шара үштілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасы аясында мұғалімдердің үштілде білім беруде кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылығы мен іскерлігін жетілдіруге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған.



 


  "Қапшағай қаласының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .