Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы бойынша 11 сынып бітіруші түлектеріне бейінді бағдар беру жұмыстары жалғасын табуда

Главная


 

       22 ақпан 2017 жылы күні орта мектеп-гимназия базасына Қапшағай қаласы бойынша 11 сынып бітіруші түлектеріне бейінді бағдар беру жұмыстарын жүргізуге Сулейман Демерель атындағы Университеттің мамандары келді. Бұл жоғары оқу орны 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия мемлекетінің Президенті Сулейман Демирель ашты. Студенттердің алмасу бағдарламасы бойынша жыл сайын 100 студент 25 мемлекеттің 80 университетіне жіберіліп отырады. Сондықтан бұл университетте де «Қос диплом» бағдарламасы жүзеге асырылған. Талапкерлерге арналған ішкі олимпиада грантқа немесе жеңілдіктер алуға үлкен мүмкіншілік туғызып отыр. Жыл сайын сәуір айында «INFOMATRIX» халықаралық компьютерлік жоба жарысы ұйымдастырылып, өткізілетіні туралы айтылды.
24 ақпан 2017 жылы күні №3 орта мектеп базасына Қапшағай қаласы бойынша 11 сынып бітіруші түлектеріне бейінді бағдар беру жұмыстарын жүргізуге Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің философия ғылымдарының докторы Аяпбергенова Альмира Жеңісбекқызы, химия ғылымдарының кандидаты Сапарбекова Индира Сайлыбайқызы келді. Қыздар университеті-қазақ қыздарының парасат мектебі, жеке-дара университет. Бұл жоғары оқу орнында да «Қос диплом» бағдарламасы жүсеге асырылып, Миссисипи университеті, Лондон университеті, Түркия еліндегі Нигде университетімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Біздің қыздарымыздың барлық сұрақтарына жауап беріп, “Кім мұғалім болғысы келеді”-деп сұрақ қойып, бірінші қол көтерген кыздарға сыйлықтарын ұсынып, бұл қыздар ешқашан жұмыссыз қалмайды деп сөздерін қорытындылап кетті.
28 ақпан 2017 жылы күні №5 орта мектеп базасына Қапшағай қаласы бойынша 11 сынып бітіруші түлектеріне бейінді бағдар беру жұмыстарын жүргізуге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бейінді бағдар беру жұмыстарының мамандары келді. Бұл жоғары оқу орнының ерекшеліктері аз емес екенін келесідей себептерден байқадық: экологиялық таза аймақтағы студенттік қалашық, озық ғылыми кітапхана, заманауи спорткешені мен бассейн, 15 жатақхана және «Жас ғалымдар үйі», жоғары деңгейде қамтылған әскери кафедра, студенттер сарайы, 300 орындық жастар интернет орталығы, жеке теле-радиокешені, заманауи баспа-полиграфиялық кешені, тамақтану орталығы, Қырғызстан Республикасындағы Ыстықкөл жағасында орналасқан жеке пансионаты, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтыны туралы мәлімдеді. Осы бейінді бағдар беру жұмыстары арқылы, біздің түлектеріміз болашақта қандай жоғары оқу орнына түсетіндерін таңдап, өз сұрақтарына жауаптарын табуда.



 


  "Қапшағай қаласының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .