Kapshagay.gov.kz

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Главная


 

         2017 жылғы 31 наурызда депутат Б.Әбеновтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезекті XVIII сессиясы өтті. Сессия барысында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының Қапшағай қаласы бойынша жүзеге асырылу барысы туралы сұрағы, сонымен қатар, қалалық мәслихаттың депутаттық өкілеттігі, заңдылық, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі қаралды.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі депутаттық комиссияның мүшелері алдын ала ауруханаға барып, сол жерде аурухана қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Тексеріс қорытындысы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланды.
Қалалық аурухана қызметіне қатысты қаламыздың "Ауған соғысындағы ардагерлер кеңесі", "Қамқор жүрек", "Самға" мүгедектер қоғамдары сияқты қоғамдық бірлестіктері де өз сұрақтары мен ұсыныстарын берді. Қаламыздың денсаулық сақтау жүйесіне қатысты мәселелер бойынша түскен кемшіліктер мен ұсыныстар қалалық мәслихаттың сессиясы қабылдаған шешімінде ескерілді.
Сессияға қалалық аурухана басшысының орынбасарлары және бөлімшелерінің меңгерушілері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Қапшағай қалалық мәслихаты


 


  Қапшағай қалалық мәслихаты


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .