Kapshagay.gov.kz

Тұрғындардың назарына!

Главная



 

 «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандырылған көрмесі қарсаңында жолаушыларға Қоғамның пойыздармен жолаушыларды тасымалдау қызметімен қоса «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесінің билетін сатып алуға (қалауы бойынша) мүмкіндік беретін кешенді қызмет ұсынады.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап әр жолаушы және/немесе жолаушылар тобы белгіленген тәртіпте Қоғамның билет кассаларынан Қоғамның пойыздарымен кез келген бағытта жол жүру құжаты + ЭКСПО билеті қамтылған кешенді қызмет сатып алуына (қалауы бойынша) болады.
Қоғам ЭКСПО билеттерінің 3 санатын ұсынады:
-күні қойылған, жұмыс күні баруға болатын ЭКСПО билеті – яғни жолаушы және/немесе жолаушылар тобы көрмеге жұмыс күні бару үшін нақтылы бір күнді таңдауы тиіс;
-күні қойылмаған, жұмыс күні баруға болатын ЭКСПО билеті – яғни жолаушы және/немесе жолаушылар тобы осындай ЭКСПО билетімен көрмеге кез келген жұмыс күні бара алады;
-күні қойылмаған, демалыс күні баруға болатын ЭКСПО билеті – яғни жолаушы және/немесе жолаушылар тобы осындай ЭКСПО билетімен көрмеге кез келген демалыс күні бара алады.
Жолаушы және/немесе жолаушылар тобы осы кешенді қызметті сатып алған жағдайда темір жол көлігімен жол жүру мүмкіндігін алдын ала жоспарлай, қамтамасыз ете, сондай-ақ қаражатын үнемдей алады.
Сондай – ақ, Қоғам сатып алушыға «Тұлпар – Тальго» коммерциялық пойыздарымен жол жүруге 15 % жеңілдік (жеңілдік 2017 жылдың соңына дейін жарамды) беретін және күні қойылмаған, демалыс күні баруға болатын 1 ЭКСПО билеті сыйлыққа берілетін жаңа Астана ЭКСПО дисконт картасын қолданысқа енгізетінің хабарлаймыз. Дисконт картасының құны – 9999 теңге. Дисконт картасын Қазақстан Республикасының ірі темір жол вокзалдарындағы Қоғамның билет кассаларынан сатып алуға болады.


 


  «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .