«Күн балалары»

Главная



 

   

           2017 жылдың 13 ақпанында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарадың ұсынысы бойынша «БКФ Caritas Almati» директоры «Синдром Дауна » жобасы бойынша семинар өткізді.Италия азаматы  Гвидо  Треззани осы аталып өткен жоба бойынша Қазақстанның барлық аймақтарында семинар өткізіп келеді.Семинар «Нур отан» конференц залында өткізілді. Осы аталған семинарға 30 адам, соның ішінде әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Даун синдромы – 21-жұп хромосомадағы генетикалық материалдың толық немесе жартылай қосымша көшірмелерінің болуымен сипатталатын хромосомалық патология. Даун синдромымен балаларды көбіне жасы келген әйелдер босанады. Мұның нақты себебі белгісіз, бірақ анасының жұмыртқа жасушаларының жасына байланысты деген болжам бар. Қарама-қарсы жыныстың гаметалары бір-бірімен қосылғанда эмбрионда әдеттегі 46 хромосома орнына 47 хромосома түзіледі. 21-хромосома трисомиясы Даун синдромының себепшісі болып табылады. Даун синдромына әкелетін транслокацияны отбасылық Даун синдромы деп атайды. Бұл Даун синдромы дамуында әйел жасының емес, екі ата анасының да ролі бар.
Ақыл-ойы мен сөйлеу қабілеті бұзылысының көріну дәрежесі тек туа біткен факторларға ғана емес, баламен қаншалықты оқу-дамыту жұмыстары жүргізілуіне де байланысты. Даун синдромы бар балаларды арнайы әдістерді қолданып оқыту нәтижелері жаман емес. Қосымша хромосоманың болуы бір қатар физиологиялық ерекшеліктердің дамуына алып келеді, сондықтан мұндай балалардың дамуы баяуырақ. Бала оқуда қиналса да, жүріп, сөйлеп, оқып, жазып үйрене алады. Даун синдромымен ересектердің өмір ұзақтығы 50 жастан аса. Алайда мұндай адамдар басқалардан жиірек кардиологиялық ауруларымен (туа біткен жүрек ақаулары), Альцгеймер ауруымен, жедел миелоидтық лейкозбен ауырады. Олардың иммунитеті әлсіз, сондықтан бала кезінде жиі пневмониялармен жиі ауырып, бала жұқпалы ауруларын ауыр көтереді.
Мысал ретінде шет мемлекеттерінде  күнгей балалармен өкізілген оңалту іс-шаралары  слайдын көрсетіп, ата-аналарға және әлеуметтік қызметкерлерге, «Қамқор жүрек», «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдеріне  даун ауруы туралы түсініктемелер мен үй жағдайында балалармен қандай жұмыстар жүргізуге болатын кеңестер берді.
Сонымен қатар келешекте бірге жұмыс істеп, ата-аналар мен әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы ұсыныстарда жасалды.


 


Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .