Үш тілді білім беру жүйесі!

Главная



 

   2017 жылдың 14 ақпан күні ММ «Алматы облысының әдістемелік кабинет» әдіскері Немеребаев Ермек Сүйебекұлы «№4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ келіп, Қапшағай қаласы мен аймақ мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне 2017-2019 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың кешенді жоспары бойынша үш тілде білім беру түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол өз сөзінде 2017-2019 жылдарға арналған үш тілде білім беруді  дамытудың кешенді жоспарының мақсаты, міндеттері, іске асыру кезеңдері, күтілетін нәтижелермен таныстырып өтті. Сонымен бірге, Алматы облысы бойынша тіл мамандарының сандық және сапалық құрамы бойынша мәлімет берді. Кешенді жоспардың бірінші кезеңінде жүзеге асыруда ұйымдастыру бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстар жайлы айтып кетті. Яғни, ағылшын тілі пәнінен тест тапсырмаларын құру, U-study Рartners тестілеуіне ағылшын тілі пәні мұғалімдерін қатыстыру, ағылшын тілі пәні мұғалімдерін курстардан өткізу. Барлығы 31 ағылшын тілі пәні мұғалім қатысты.


 


"Қапшағай қаласының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .