Ұстаздар – елбасының жолдауын талқылады

Главная



 

     «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы бүгінде  қызу талқыланып,  еліміздің жеткен жетістіктері көңіл куантып, алдағы  шығар биігіміз бен алар асуымыздың межесі белгіленіп жатқаны бәрімізді де қуанттты. Елбасы өз жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту өркениетті жаңғырту мәселелерінде өткір қойып отыр. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Өресі биік, пайымы кең, байыпты, иманды ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ. Олай болса, осындай ұрпақы оқыту мен тәрбиелеу мұғалімдер қауымының алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қоюда. Жолдаудағы басымдылықтардың бірі адами капитал сапасын жақсарту. Бұл дегеніміз жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, әлемдік дәрежедегі білім беру деген сөз. Әлемдік білім кеңістігіне шығудың тетігі ағылшын тілін меңгеру екендігін бәріміз сезініп отырмыз.
Елбасы да өз сөзінде  «Бүгінде ағылшын тілі жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды,-деп атап көрсетті. Осы орайда, мектептерде үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу жоспарлы түрде жүргізілуде.
Ағылшын тілі бойынша мектептерде үш тілді оқытуға дайындық жұмыстары басталып та кетті.
Атап айтсақ, мектептерімізде жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту, «IELTS” бағдарламасына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Соған орай, сала мұғалімдері ағылшын тілін үйрену істерін қолға алып, арнайы курстардан өтуге тартылып жатыр.
Мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан елдің ұрпағы ретінде біз Елбасы Жолдауында айқындалған тарихи міндеттерді аса жоғары жауапкершілікпен жүзеге асыруымыз қажет.

 

 


"Қапшағай қаласының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .