ЖАСТАР ЧЕМПИОНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ!

Главная



 

     Қапшағай қаласының «Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» елімізге белгілі, спорт шеберлері Нұрбақыт Теңізбаев және Ермек Кукетовпен кездесу ұйымдастырылды. Бұл жастардың шынығып, мығым болуына, әрі көздеген мақсаттарына жетуіне септігін тигізетіні сөзсіз. Жүздесу кезінде Нұрбақыт Теңізбаев дереу сөзден іске көшіп, әдіс-тәсіл көрсетер алдында ол балалардан өз дайындықтарын көрсетуін сұрады. Ал, балалардың әзірлік дайындығын жақсы бағалап, тіпті олардың нағыз спортшылар секілді ұтымды әрекеттеріне қайран да болды. « Өте дарынды балалар, олардың әрқайсысында талпынысы мен талабы мол, бойларындағы қайсарлықтары оларды үлкен жетістікке әкелетіндеріне толық сенімдімін», - дейді, Олимпиада жеңімпазы. Сонымен қатар, шәкірттер чемпиондармен жаттығу залында аталмыш саланың қыры мен сырын үйреніп, тәжірибие жинауға тырысты. Осы ретте, әлбетте, кез келген жастың арманы - таңдаған кәсібінің болмаса мамандағының нағыз спорт шебері атану. Ал, аталмыш мектеп директоры Нуркен Қанатұлының мұрындық болуымен сала майталмандарымен өткізілген жанды кездесу әр жастың жүрегінің түбіндегі үмітіне сәуле беріп, болашақ армандарына нықтап қадам басуына көмегін тигізгендей.  Олимпиада және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері кездесу барысында білім, біліктіліктерімен бөлісіп, талапты жастарға талмай еңбектенгенде ғана,  таңдаған саласының биігіне қол жеткізе алатындарын айтып, кеңестерін берді. Аңызға айналған спортшылар Қапшағай қаласына жиі келіп тұруға ниет білдіріп, жас спортшыларға өздерінің білген- түйгендерін айтып, кәсіби дайындық кезінде машықтану әрекеттерін көрсетіп тұруға уәделерін де берді. Мектеп шәкірттері чемпион ағаларымен қоштасқысы келмегендері анық. Өз кезегінде жеткіншектер өздерін қызықтырған сан-салалы сауалдарын үсті-үстіне қойып, сол тақырыптарда жан-жакты талқылау жүргізіп, көкейлерінде жүрген ойларына тұщымды жауаптарын да алды. Кездесу соңында, балалар спорттың хас шеберлерімен естелікке суретке түсіп, тарасты.

 


Бөлiмдер Қапшағай қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы анықтама


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .