Тікелей байланыс!

Главная



 

2017 жылғы 17 ақпандағы №8 (417) "Нұрлы өлке" газетінің "Тікелей байланыс" айдарынан

Из рубрики "Прямая связь" газеты №8 (417) "Нұрлы өлке" от 17 февраля 2017 года

Депутаттар тікелей байланыста

Депутаты на прямой связи

Тікелей байланыс! Прямая связь!
14 ақпанда болған «Тікелей байланыстың» қонағы – Алматы облыстық мәслихаттың депутаты Өтеғали  Әбутәліұлы ЮНУСОВ.
Гость «Прямой связи», состоявщейся 14 февраля депутат Алматинского областного маслихата Утегали Абуталиевич ЮНУСОВ

Құрмет ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, 1-ші ықшам аудан, №8 үй тұрғыны: «Пеноплэкс» кәсіпорнының өнімдерін қазір кеңінен пайдаланып жүрміз. Менің білейін дегенім «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасында инвестиция тарту қалай жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді?
- Сауалыңызға рахмет. Мен басшылық жасайтын кәсіпорын 2009 жылы ашылған болатын. Бастапқы кезде италияндық 2 линия қосылған еді. Күніне 600 текшеметр өнім өндіруді қолға алдық. Бірақ уақыт талабына  әрі сұранысқа сай кәсіпорын цехтарын кеңейту қажеттігі туындады. 2014 жылы бұрынғы бір линияны алып тастап Германияның соңғы технологиясымен жабдықталған қондырғысын орнаттық. Өнім өндіру анағұрлым өсіп, тәулігіне 1000 текшеметрге жетті. Қосымша 30 адамды жұмысқа қабылдадық. Қазіргі кезде кәсіпорында 130 адам жұмыс істеуде. Барлығы Қапшағай мен Заречное ауылының тұрғындары.
Өнімдерімізді Қазақстан мен Орта Азия елдері тұтынуда. Өткен жылды табысты аяқтадық. Дегенмен де экономикалық дағдарыстың қиындығы да бар. Негізінен біз шикізатқа келгенде Ресейге тәуелдіміз. Рубль көтерілсе біраз мәселелер туындап  қалатыны рас. Келешекте бұл қиындықтарды еңсереміз деп ойлаймын.
Майра АСЕМГОЖИНА, жительница 3 м-на, г. Капчагай: - Здравствуйте, Утегали Абуталиевич. Я – мама двух детей. Сынок сейчас учится в школе, а вот дочка ещё – грудничок. Как говорится, готовь сани летом, а телегу – зимой. Я хотела бы спросить Вас по поводу того пункта Вашей предвыборной программы, что касается развития дошкольных учреждений. Как бы то ни было, жизнь идёт, рождаются дети. Мне надо задумываться о том, что скоро надо искать место в садике и для моего ребёнка. Будут ли в Капчагае появляться новые дошкольные учреждения?
- Доброе утро. Позвольте Вас поправить, задумываться надо сразу после рождения ребёнка. Вы вправе идти сейчас и официально записываться в очередь.
Что касается второй части Вашего вопроса, наше государство не стоит на месте в этом плане. На сегодняшний день в городе и регионе функционируют 7 государственных дошкольных учреждений, открыты 2 частных сада в 18 и 19 микрорайонах. При школах города и региона работают 9 миницентров. Охват дошкольными учреждениями составляет 2455 детей, а это 90,7%. Скрывать не будем, перенасыщенность в группах имеется. Поэтому сейчас ставится вопрос о возврате профильных детских учреждений под крыло отдела образования. Уже в этом году из бюджета на проведение капитального ремонта детского сада  «Аленушка» выделено 118,9 млн.тенге.
А вот вопрос о возврате профильных детских учреждений, которые находятся у частников намного сложнее. Нередки случаи, когда частник, выкупивший когда-то здание детского сада за одни деньги, сейчас просит за него в пятьдесят-сто раз больше. Подобная ситуация со зданием детского сада в Заречном. Он вообще никак не используется. Ничего не поделаешь, рыночные отношения обязывают. Но, повторюсь, мы не стоим на месте. Механизмы прорабатываются. Сейчас как такого дефицита в местах не наблюдается. Имеется спрос на ясли-группы для детей до 3-х лет. Но в этом направлении, я считаю, надо привлекать предпринмателей по программе государственно-частного партнёрства.
Алтынбай СИҚЫМБЕК, «Нұрлы өлке» газетінің бас редакторы: -Құрметті Өтеғали  Әбутәліұлы, облыстық мәслихаттың депутаты ретінде сіздің алдыңызға бір мәселе қойсам ба деп едім. Алматы облысында аудандық, қалалық газеттердің басын қосқанда 19-дай бұқаралық ақпарат құралдары бар. Мемлекеттік саясатты жүргізу үшін оларға мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Сол газеттердің көлемі бәрінде бірдей, 8 бет, бәрі де аптасына бір рет жарыққа шығады. Әр газет редакциясында істейтін қызметкерлердің саны да бірдей. Алайда, облыстық бюджеттен сол мемлекеттік саясатты насихаттауға бөлінген қаржы газет редакцияларына әділ бөлінбеген деп есептеймін.
Нақты цифрлар келтірейін. Мысалы, көрші Іле ауданына 22 миллион, Жамбыл ауданына 17 миллион, Талғар ауданына 18 миллион, Текелі қаласына 11 миллион, халқы 27 мыңды ғана құрайтын аграрлық аудан саналған Балқаш ауданына 13 миллион, ал Қарасай ауданына 46 миллион қаржы бөлінсе, Қапшағай қаласына бөлінген қаржы 5-ақ миллионды құрап отыр. Бұл қаржыға тендер ойнатылатынын ескерсек, қолға тиетіні 3-ақ миллион ғана екен. Сонда біз бір жыл бойы күнімізді қалай көрмекпіз? Қарасай ауданында газет редакторы әрбір мереке сайын қызметкерлеріне жалақыдан бөлек сыйақы беріп отыр. Мен қаржы жетіспегендіктен газет жыл ортасында жабылып қалар ма екен деген ойдың құшағында жүрмін. Ақшаның жетпейтініне көзім жеткен соң қалалық мәслихатқа арнайы хатпен шыққанмын. Бір жағынан қарасаңыз, облыстан бөлінетін қаражаттың кем-кетігі неге жергілікті билік есебінен толтырылуы керек? Облыстан берілуге тиіс қаржыны жетімге берілген жарты күлше секілді етпей, ешкімді алаламай, бірдей бөлінуі тиіс деген ойдамын. Басқа газеттер жүргізіп жатқан мемлекеттік саясатты біз де жүргізіп жатырмыз. Осы мәселенің дұрыс шешілуіне депутат ретінде ықпал ете аласыз ба? Алдын ала рахмет.
- Жағдайларыңыз шынында мәз емес екен. Газет жыл ортасында жабылып қалса, облыста үлкен әңгіме болары анық. Ондай жағдайда "Неге жабылды?" деген сауал бірінші кезекте қойылады. «Неге үнсіз отырдыңдар?» деуі де мүмкін. Сол үшін менің атыма хат жазып беріңіз. Таяуда болар облыстық мәслихаттың сессиясында осы мәселені көтеремін. Біз өзіміздің жанайқайымызды облысқа жеткізейік. Бүл мәселенің оңтайлы шешілуіне сіз бен біз бірлесе отырып атсалысуымыз қажет.
Бақытнұр ХАСЕНҰЛЫ, 3-ші шағын аудан, №33 үй тұрғыны: Қазіргі кезде дәрі-дәрмектің бағалары аспандап тұр. Қалалық ауруханадан босатылатын тегін дәрілерді ала алмаған адамдар шағым айтып жатады. Депутат ретінде осыған көңіл бөліп көрдіңіз бе?
- Қалалық аурухананың материалдық-техникалық және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін анықтау мақсатында  уақытша комиссия құрылып, арнайы тексеру жүргізілді. Осы комиссияның төрағасы ретінде ойға түйгенім,  біздің қалалық аурухана облыстағы көптеген аурухалардан көш ілгері. Жаңадан заманауи технологиямен жабдықталған қондырғылар сатып алып орнатылған.
Сіздің қойған сауалыңызға орай айтарым, Денсаулық министрлігі тарапынан ауру түрлеріне қарай тізімі бекітілген дәрі-дәрмектер жеткілікті. Ал тұрғындардың тарапынан түсетін арыз-шағымдар сол тізімге кірмеген дәрілерге қатысты. Яғни, жоғары жаққа тапсырыс беріп, ол келгенше арада біраз уақыт өтуі мүмкін. Міне, осы кезде науқас адам  еріксіз оны дәріханадан сатып алуға мәжбүр болады. Бұл жалғыз Қапшағайда емес, бүкіл елдегі ортақ проблема. Сондықтан, не нәрсеге де түсіністікпен қарау керек.
Сергей ТАНАЕВ, житель посёлка Заречный: - Здравствуйте. Мой вопрос касается привлечения инвестиций по Дорожной карте бизнеса. Не могли бы Вы пояснить, что именно делается по этой программе?
- Здравствуйте. В нашем регионе довольно остро стоит этот вопрос. Как неоднократно подчёркивал Глава нашего государства, именно малый и средний бизнес – основа существования и экономического благополучия Казахстана. Самое главное – не мешать бизнесу работать, а помогать ему. В Капчагайском регионе существуют программы для развития малого и среднего бизнеса. Думаю, большую перспективу имеет программа ГЧП (государственно-частное партнёрство) . Допустим, человек, имеющий какую-то перспективную задумку в сфере бизнеса, составляет бизнес-план и приходит в соответствующий государственный орган (например, в отдел предпринимательства города). Если этот план стоящий, государство берёт на себя часть обязательств и субсидирование по претворению этого проекта в жизнь, снижение налоговой ставки и процентной ставки по кредитованию. Надо признать, что программа ГЧП сейчас находится на стадии начинания, и, хотя она широко освещалась средствами массовой информации, люди не все в курсе, что же это такое? Во многом виновата элементарная инертность и неосведомлённость. Поэтому сейчас важна наглядная агитация, чтобы народ понял, что из себя представляет данная Программа. Отдел предпринимательства нашего акимата должен возглавить эту работу, чтобы до народа были донесены все основные положения ГЧП.
Сембек НҰРЛЫБЕКОВ, Заречное ауылының тұрғыны: - «Алматы-Өскемен» автобаны салынғаннан бері жолдан өту қиындап кетті. Бірнеше оқыс оқиғалар орын алып, кісі өлімі де болды. Аспалы көпір қашан салынады?
- Заречныйдағы саяжай негізінде Іле ауданына қарағанымен, одан 300 бала осы ауылдағы  мектепке күнделікті қатынап оқиды. Кішкентай балалар түгілі егде жастағы адамдардың жолдың екінші жағына өтуі қиямет. Бұндай қиындықты Шеңгелді ауылының тұрғындары да бастарынан өткеруде.
Жасырып жабары жоқ, бұл әу баста жобалау барысында кеткен қателік. Енді соған қосымша түзетулер енгізіліп, екі ауылдың тұсынан аспалы көпір салу жөніндегі сұрақты өз тарапымнан облыстық деңгейде көтеріп жатырмын. Келешекте сізді толғандырған өзекті мәселе өз шешімін табады деген үміттемін.
Нұргүл ӘЛИАЙДАРОВА, С.Сейфуллин көшесінің тұрғыны: - Қапшағай қаласында алқам-салқам болып, қаңырап иесіз тұрған үйлер баршылық. Оларды жөндеу қашан қолға алынады.
- Бұл қаладағы өзекті мәселенің бірі десем де болады. Сол үйлерді кезінде сатып алған иелері арада қанша жыл өтсе де не өздері жөндемейді, не мемлекетке қайтаруға қимайды. Қайтсем қымбатқа сатамын деген Қарынбай пендешілік. Менің ойымша, осы жеке меншік иелерімен сол үйлердің сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша нақты жұмыс жүргізу қажет. Себебі қаңырап тұрған үйлер қала көркін бұзып, келбетіне нұқсан келтіреді.
Қала әкімі Талғат Қайнарбеков иесіз үйлер төңірегінде қазір ауқымды жұмыстарды қолға алып жатыр. Менің білуімше, жаңадан үй салынғанда ең бірінші кезекте Степная көшесіндегі 2  үйдің адамдарына жаңадан пәтер беріліп, ескі үйлер бұзылады.
Александр НЕЕЛОВ, г. Капчагай: - Доброе утро. Утегали Абуталиевич, меня интересуют проблемы занятости сельского населения. В Вашей программе обозначены пункты насчёт кредитования такой категории населения. Скажите пожалуйста, если я имею большой приусадебный участок, могу ли я рассчитывать на микрокредитование, как сельский житель?
- Здравствуйте, Александр. К сожалению, это относится только к жителям сёл Капчагайского региона. Далеко ходить не будем, у меня есть сведения по посёлку Заречный. В прошлом году житель села Заречного начал заниматься разведением кур. Выделили деньги, дело пошло довольно успешно. Я ещё вот что хочу сказать, государство сейчас не может позволить себе давать деньги всем желающим. Причину, думаю, объяснять не надо, дело в кризисе. Но под действительно стоящие проекты изыскать средства возможно. Только в 2016 году для развития малого и среднего бизнеса 29 человек получили микрокредит в сумме 96,0 млн.тенге.      Я призываю население нашего региона активнее интересоваться программой ГЧП путем обращения в соответствующие органы акимата и участвовать в жизни города. Если малый и средний бизнес будет развиваться, то и за будущее Капшагая можно не беспокоиться.
Могу со всей уверенностью сказать, что выделенные деньги в нашем регионе полностью осваиваются. А это говорит о том, что работа ведётся.
РЕДАКЦИЯДАН: - Өтеғали Әбутәліұлы, сіз сайлауалды бағдарламаларыңызда «Менің бағдарламам - бос уәде емес. Ол орындалады. Оған сенімді болыңыздар» деп өз сайлаушыларыңызды сендірген едіңіз. Одан бері біраз уақыт өтті. Сол уәде - уәде ме?
- Депутат болып сайланғаннан бері әлі бір жыл өткен жоқ. Сондықтан, керемет бір істерді тындырдым деп айтуға әлі ерте. Дегенмен бос қол қусырып отырған жоқпын. Қапшағай өңіріндегі өзекті мәселелерді облыстық мәслихат сессияларының мінбесінен көтеріп жүрмін. Ілгерлеген істер бар, бірақ оны сырттай бақылап, қадағалап жүрген халықтың айтқаны жөн.
Сайлаушылар маған үлкен  сенім артты, енді сол сенім үдесінен шығу үлкен сын деп білемін. Қазақ «Арық айтып, семіз шық» демей ме? Ендеше, бәріне уақыт төреші.Әсілі соған жүгінгеніміз дұрыс болатын шығар.

«Тікелей байланыста» кезекшілік еткен
Зарыққан ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, Николай ЖУК.
На «Прямой связи» дежурили
Зарыккан АБЫЛКАСЫМУЛЫ, Николай ЖУК.


 


Қапшағай қалалық мәслихаты


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .