Ауған соғысына биыл 28 жыл толды!

Главная



 Қапшағай қаласының Мәдениет үйінде Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алу кеші аталып өтілді. Биылғы   жыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толып отыр.  Бұл шараны Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі мен мәдениет үйі ұжымы бірігіп ұйымдастырды.  Кеш барысында Ауған соғысы жайлы шағын деректі  фильм көрсетіліп, ардагерлер турасында толық мәліметтер берілді. Осы сұм майданға қатысқан азаматтар, ерлікпен жан тапсырған ерлеріміздің қайсарлығын кеңінен айтып, баяндамаларын жасады. Бұндай шараларды дәстүрге айналдыру арқылы ержүректілік көрсеткен жастарымызды танытып, кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беретініміз анық. Сондықтан да, қашанда олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. 
Тарих бетіне оралар болсақ, 1979 жылы Ауғаныстан жерінде болған зұламат соғыста Кеңес  әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті. Бүгінде Ауған соғысының қанды қырғынынан аман –есен 18 мың 360 қазақстандық ардагер елге қайта оралып, олар ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары да аз болмады. Ал, майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін ерлік көрсеткен ардагерлеріміз Қазақстандық орден-медалдарымен марапатталып, үлкен құрметке ие болды. Осындай еразаматтарымыздың құрметіне орайластырылған шара Ауған соғысы ардагерлерінен құралған «Панджшер»  вокалды-аспаптық ансамблі өздерінің өнерлерін ортаға салып, тәрбиелік мәні бар кеш өткізді.

 


Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .