Kapshagay.gov.kz

Жол ережелері!

Главная



 «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі тарапынан 2016 жылы жол қауіпсіздігі мен жолаушылар тасымалы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда «Қапшағай қаласы оқу бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қапшағай қаласы ӘТБЖП (МАИ)  қызметкерлерімен бірлесе отырып орта мектептерде 0-11сыныптарының арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік», «Автобусқа міну түсу ережесі»  тақырыбтарындабірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Темір жол өткелдерінен арнайы белгіленген жерлерден өту туралы халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, халық көп қатынайтын жерлерге хабарландырулар ілінді.
Қапшағай аймағында жолаушы тасымалдауға және нормативті құқық актісінің тасымалдауда қауіпсіздікті  қамтамасыз ету бөлімі  бойынша талаптарға қайшы келетін автокөліктерді пайдалануды әшкерелеу және тыйым салу және  жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін сақтау мақсатында Алматы облысы  бойынша көлік инспекциясы және  Қапшағай қаласы Жергілікті полиция   қызметкерлерімен бірлесе жолаушылар тасымалымен айналысатын «Қапшағай АТО» ЖШС-нің автобус паркі, автобустарға қойылатын ерекше талаптарды орындалуы бойынша: тұманға қарсы қойылатын шам, артқа жүру шамы, сырғанауға қарсы қойылатын башмақтардың болуы, жолаушылар тасымалының келісім шарттарының бұзылмауы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Кіріс басқармасы және МАИ қызметкерлерімен бірлесе заңсыз такси қызметімен айналысатын тұлғаларға рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 22- такси, 7-жүк машинасы, 3-автобус салықтық тіркеуге тұрды.      Жол полицясы қызметкерлерімен бірлесе жол жағдайы зерттеліп,  байқау актілері жасалды. Нәтижесіндеқосымша арнайы қажетті жерлерге 26 жол белгілері орнатылды. Шеңгелді ауылындағы автомобиль жолдарына ағымдағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары жасалынды.

 


«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .